Қарағанды облысы әкімшілігі Шаханда қайтыс болғандардың отбасына 1 млн теңге беретін болды

Қарағанды облысы әкімшілігі Шахандағы көпқабатты үйдің құлауы салдарынан қайтыс болғандар мен зардап шеккендердің отбасына бюджеттен материалдық көмек көрсететіп, жерлеу рәсімдеріне кететін шығындарды өз мойнына алатын болды деп хабарлайды NUR.KZ.

Қарағанды облысы әкімшілігі Шаханда қайтыс болғандардың отбасына 1 млн теңге беретін болды"Қаза тапқандар мен зардап шегушілердің  отбасына материалдық көмек көрсетіледі. Әкімшілік қайтыс болғандардың әрқайсысына 1 млн теңгеден және ауруханада жатқандарға 500 мың теңгеден бөледі. Сондай-ақ, жерлеу рәсімдері мен қонағасына кететін шығынды әкімшілік өз мойнына алады", - деп мәлімдеді облыс әкімінің баспасөз қызметі.
Сонымен қатар, жылжымайтын мүлік пен жекеменшік дүниелерге тиген залал комиссия мүшелері тарапынан бағаланатынын айтты. "Заңнамаға сәйкес, зардап шеккен отбасылардың  жылжымайтын мүліктері мен жекеменшік дүниелеріне тиген залал төтенше жағдайдың мән жайын анықтап жатқан комиссия мүшелері тарапынан бағаланады. Коммисия жұмыстарының нәтижесінде берілген бағаға сәйкес барлық отбасылар өтемақы алатын болады", - деп қосып қойды баспасөз қызметі.