Валюта бағамы USD: 312.76 | EUR: 331.08 | CNY: 45.53

Арыз-мұңымызды Тасмағамбетовке айтпағанда кімге айтамыз?!

Картинки по запросу иманғали тасмағамбетов

Иманғали Тасмағамбетов

Ызалы жүрек, долы қол,

Улы сия, ащы тіл.

Не жазып кетсе, жайы сол

Жек көрсеңдер өзің біл.

Абай

«Мен бұл сөздерді ашу-ыза үстінде жазып отырмын, артық кетсем Алла тағала өзі кешірер. Ақиқатын айтар болсам, бұл жазба Үкімет басшысының орынбасары Иманғали Тасмағамбетовтың дәргейіне жетер ме екен деген дәмемен жазылуда. Өзі оқымаса да шылауында жүрген әріптесіміз Жүнісбек Сұлтанмұратовтың көзіне шалынарына күмән жоқ.

Айтыс ақындары мен жыршы-термешілер халықаралық Одағының басқарма Төрағасы ретінде даусымды шығарып, тұяқ серіппеске әддім жоқ.

И. Тасмағамбетов Алматының әкімі болып тұрған кезінде бір рет айтысқа келген ақындарды қабылдап, Д. Қонаевтың ас ішкен бөлмесінде айтыскерлерге шай беріп құрмет көрсеткен. Одан басқа, біз айтысты Парижге апарамыз дегенде арнайы ұшақты 3-4 күнге жалдап әперген мәрттігін де ұмытқан жоқпыз, алаш баласына аңыздай жырлап айтумен келеміз. Сол қамқоршымыз былтыр үкіметке орынбасар болып келгенде енді айтыстың айы оңынан туар деп бөркімізді аспанға атып қуандық. Сол бөркіміз әлі жерге түскен жоқ, ал қуанышымыз желге ұшып кетті.

Картинки по запросу жүрсін ерман

Жүрсін Ерман

Біріншіден, ЮНЕСКО-ның материалдық емес мұралар тізіміне енген атамұра өнеріміздің xалықаралық сертификаты Астанаға келгенде соның тапсырылу салтанатынан ресми Одағымыз тысқары қалды. Одағымыз жоқ сияқты,қолайсыз екен.

Екіншіден, іле-шала Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай 25 мың адамға сөлкебай таратылып жатқанда бір де бір айтыскерге ресми құрмет көрсетілмеді. Жылдағы жағдай тағы қайталанды. Одақ жыл сайын қанша ұсыныс жасап жатса да тәуеосіздікті жырлаумен таңдайы тозып келе жатқан бір айтыскер ақынға не орден, не медаль не құрметті атақ бұйырмайды. Жылда осы. Не Президенттің, не Мемлекеттің стипендиясы тимейді. Тым болмаса мәдениет министрлігінің «Мәдениет саласының үздігі» деген төсбелгісіне тең көрмейтіндей бұл сорлы айтыскерлер кімнен кем еді? Алаш баласының азаттықты аңсаған арманын асқақ жырға арқау етіп, руxымызды көтерген, елді руxани тәуелсіздікке тәрбиелеген, ел тәуелсіздігінің салтанатын талмай жырлап келе жатқан атамұра өнердің мұрагерлерін той үстінде арқадан қаға салса қайтеді? Сонша кешпейтіндей не айтылып еді?

Үшіншіден, ызамызды шарасынан шығарған соңғы оқиға.

Айтысқа қол созған біреудің атын атап қалсақ соған кесірім тие ме деп қорқатын болдық. 3-4 желтоқсанда өткен «Алтын домбыра» айтысына еш телеарна ықылас танытпаған соң Алматы қаласы әкімінің орынбасары Арман Қырықбаев «Еуразия» телеарнасының басшысына жалынғандай болып түсіртіп алып еді. 31 желтосан – 1, 2 қаңтарда көрсетеміз деп жарнамаланған сол айтыстың орнына қайдағы бір әлекей-шүлекей шатпақ көрсетіліп жатқанына үш күн болды. Бұл не мазақ? ЮНЕСКО-ның қарамағына алынып xалықаралық заңнамалармен қорғалатын айтысымыз осы ма? Тіпті, дәл осы айтыста Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың тәуелсіздікке сіңірген еңбегін асқақтата жырлағаннан бөтен сөз жоқ еді ғой! Әлде бұл бағытымыз да біреулерге жақпайтын болғаны ма? Айтысты қанатының астына алған «Нұр Отаннан» да ықпалды күштер бар ма? Онда айтысты өз қаржыларына өткізіп жергілікті телеарна арқылы көрсетіп Елбасының саясатын табандылықпен жүргізіп келе жатқан Қырымбек Көшербаев, Бердібек Сапарбаев, Бақтықожа Ізмұxамбетов, Нұрлан Ноғаев және Бауыржан Байбек сияқты азаматтарға «Халық Қаһарманы» атағын беру керек қой.

Осы арыз-мұңымызды Иманғали Тасмағамбетовке айтпағанда кімгн айтамыз?! Қазақта естір бір құлақ қалды ма?! Кейде екі қолымды төбеме қойып, 150 айтыскерді соңыма ертіп, басқа, бөтен бір елге жер ауып кеткім келеді».

Жүрсін Ерман,

Фейсбук парақшасы



7 пікір жазылған

Пікір жазу
  1. Ғаббас ҚАБЫШҰЛЫ 3 Қаңтар, 2017, 02:09

    Е, қадірлі інім Жүрсін, басың аман, денсаулығың мықты болсын! Бұл – тілегім. Басқа айтарым: сонау жылы анау Мырзатай Жолдасбеков деген «ғұлама» айтысты бауырына басып, айтыстың қандай болуы, кейпкері кім болуы, нені қалай айту керектігі туралы сахнадан сауылдатып ақыл айтты дегенді естігенде-ақ бұрынғы айтыс пен бұдан былайғы айтыс ағайындаса қоймайтынын топшылағанмын. Шындықты мойындасақ: айтыстың қызуы бәсеңдей берді, жақсы әдеттерінше батыл болғандар әлгі ақылшылар құрған шымылдықтың ішінде қала берді. Өткен айтыста Алтын домбыраның адастырылғаны да, айтыскерлердің 25 жыл орден-медалінен шет қалғандары да сондықтан. Билікті бірыңғай мадақтауға қалай көшесіңдер, солай марапаттала бастайсыңдар. Ал Иманғалидан жәрдем бола ма… ол жағын білмеймін. Астананың сахналарында, телеарналарда болып жатқан айбақ-сайбақ «өнер жаңалықтарын» ескеруі де керек. Белгілі 3-4 әннен құралған «жиен әндер» көбейді, оларға арзан сөздермен «текст» жазатын ақынсымақтар – өз алдына бір ауыл. Бәріңнің түтіндеріңді түзу шығаруға тиіс Иманғалиға құдай қуат берсін! :oilanu:

    Жауап жазу
  2. солай 3 Қаңтар, 2017, 21:24

    Айтыс-қазақтың төл өнері. Оны қазақтың әрқайсысы қастерлеп келеді, қастерлейміз де. Ал, осы айтыстай халық құндылығын Қазақстанда 150 адамға ғана меншіктеп беріп, солардың атағы мен дәулетін көтеру үшін табыс көзіне айналдырмаққа әрекет ету-бұл айтыстай өнерден жұртты алыстату болады. Қазіргі айтыстың қандай екеніне бір мысал келтірейін:
    Өткен ғасырдың 50-жылдарының аяғында (Хрущевтің билікке келген кезі екен) облыстық ақындар айтысына біздің ауданнан бір ақсақалды апарған ғой. Әрине, алдын ала инструктаждан өткізіп. Сонымен, ақсақал айтысқа шығады,қарсыласы жастау екен, үлкен кісіге сөз бермей бастай жөнеледі,жазып алып келген өлеңін столға қойып ап заулатып оқиды. Мынандай көргенсіздікке қаны қарайған ақсақал өз кезегінде өлеңмен «Қай елсің»-деп сұраса,анау «бастаушым- компартия» деп заулатады, ақсақал «Еліңде қандай белгілі адамдар өткен?»-десе,қарсыласы «Съезд шешімдерін жүзеге асырып жатырмыз» -деп лағады. Қысқасы, ақсақал үшін бұл-айтыс емес,нағыз «Мен не деймін,домбырам не дейді»болады ғой. Және анау жігіт өлеңін ақсақалға онша таныс емес «программа.., партияның Уставы.., моральдық кодекс.., коммунизмнің талаптары»-деген сөздермен тұздықтайды. Төрешілер бір жағынан: «Ақсақал, тақырып бойынша сөйлеңіз»-деп шаужайлап зықысын шығарады. Ақырында әбден ыза болған ақсақал өзі білетін бір орысшасын қосып былай деп:
    Тарихты шешен болсаң,шежірені айт
    Айта алмасаң оттамай еліңе қайт
    Жазып берген сөзді езіп ежіктеген
    Сен де «ақынмын»деймісің, е…ияумайт!- тұрып кетіпті. Ал, осы атамыздың басқа айтыстары осы күнге дейін ел аузында…

    Жауап жазу
  3. мен айтайын 4 Қаңтар, 2017, 15:53

    Айтыс-қазақтың төл өнері. Оны қазақтың әрқайсысы қастерлеп келеді, қастерлейміз де. Ал, осы айтыстай халық құндылығын Қазақстанда 150 адамға ғана меншіктеп беріп, солардың атағы мен дәулетін көтеру үшін табыс көзіне айналдырмаққа әрекет ету-бұл айтыстай өнерден жұртты алыстату болады. Қазіргі айтыстың қандай екеніне бір мысал келтірейін:
    Өткен ғасырдың 50-жылдарының аяғында (Хрущевтің билікке келген кезі екен) облыстық ақындар айтысына біздің ауданнан бір ақсақалды апарған ғой. Әрине, алдын ала инструктаждан өткізіп. Сонымен, ақсақал айтысқа шығады,қарсыласы жастау екен, үлкен кісіге сөз бермей бастай жөнеледі,жазып алып келген өлеңін столға қойып ап заулатып оқиды. Мынандай көргенсіздікке қаны қарайған ақсақал өз кезегінде өлеңмен «Қай елсің»-деп сұраса,анау «бастаушым- компартия» деп заулатады, ақсақал «Еліңде қандай белгілі адамдар өткен?»-десе,қарсыласы «Съезд шешімдерін жүзеге асырып жатырмыз» -деп лағады. Қысқасы, ақсақал үшін бұл-айтыс емес,нағыз «Мен не деймін,домбырам не дейді»болады ғой. Және анау жігіт өлеңін ақсақалға онша таныс емес «программа.., партияның Уставы.., моральдық кодекс.., коммунизмнің талаптары»-деген сөздермен тұздықтайды. Төрешілер бір жағынан: «Ақсақал, тақырып бойынша сөйлеңіз»-деп шаужайлап зықысын шығарады. Ақырында әбден ыза болған ақсақал өзі білетін бір орысшасын қосып былай деп:
    Тарихты шешен болсаң,шежірені айт
    Айта алмасаң оттамай еліңе қайт
    Жазып берген сөзді езіп ежіктеген
    Сен де «ақынмын»деймісің, е…ияумайт!- тұрып кетіпті. Ал, осы атамыздың басқа айтыстары осы күнге дейін ел аузында…
    Алдын-ала жазылып,жатталып ап айтқанды суырып салма өнер деуге болар ма екен?..

    Жауап жазу
  4. нұрлан 4 Қаңтар, 2017, 17:03

    бұрындары ақын айтыскелер елдің жердің халық мұңын айтатын еді қәзіргі айтыс уақталып тек қатын сөз өзек айтатын болып кетті

    Жауап жазу
  5. былай болсыншы... 4 Қаңтар, 2017, 22:31

    Қазіргі ақындардың жылайтын жөні жоқ. Үлкен бригада жиналып айтысты жазады, оны екі ақын жаттап ап халықтың алдында айтады. Бұл сөзімнің шын екенін тексеру оп-оңай. Нанбасаңыздар, залдан бір тың тақырып беріп көріңіздер, осы үлкен құрама командадан(20-25 ақын) суырып салып айтатын үш ақын табылмас жаңағы сұраққа жауап беретін. Ал, сол жаттап айтысатындар бірер күнде 15 минуттан 2-3 рет айтысып(әрине, өзара келісіп жаттап ап) алды кемі бір жылдың(әйтпесе-автокөлік), арты бір айдың табысын тауып қайтады.Сонда бұлар эстрада жұлдыздарына жетпедік демесе, неменесіне өкпелейді. Енді,мына жағын қараңыз: Бір ақын жылына орта есеппен 10 айтысқа қатыссын. Сонда бір айтыста ең төменгі жүлде-200 мың теңге алсын, яғни, бір жылда-2 000 000 теңге, бұл деген Қазақстандағы жоғарғы айлық жалақы ғой. Ал,осыны тағы да орта есеппен бір айтыста 15минуттан 3рет айтыссын, яғни, 45 минут, 10 айтыста-450минут, немесе-7,5 сағат екен.Ендігі жетпегені-осы бір жылда 1смена жұмыс істегендерге орден медаль таратылуы екен де. Қазіргі күнде билікті жамандау үрдіске айналған. Оны «шындықты шыршыратып айту»-деп атайды өздері. Тегінде кез келген адам кемшілікті жіпке тізе алады, бірақ соны жоюдың жолын табу қиын, оны айтатын ақын жоқ. Ал, осы ақындар шынымен халықтың жоғын жоқтай ма,халықтың қамын жей ме? Оны тексеру үшін 2017 жылғы айтыстың бірде біреуіне жүлде тігілмесін!..

    Жауап жазу
  6. Әншейін 4 Қаңтар, 2017, 23:25

    Қазіргі айтыскер ақындар сарай ақындары қара басының қамын күйттеп, биліктен сүйек-сорпа дәметіп жүргендер. Суырып салмалары шамалы, жаттанды, Өкпелері қолында жүрген суайттар. :koisai:

    Жауап жазу
  7. Манас 5 Қаңтар, 2017, 14:59

    Жүреке өкпеңіз орынсыз,билікті мақтаудан әрі асалмайсыздар.
    Шындықты как жаратын ақындар жоқтың қасы,айтыс бизнеске айналды.Айнурдың өзі 40 шақты машина мінді қалғандарын қоспағанда,бәйгеге миллиондар тігесіздер.
    Бас бәйге кілеммен домбырадан әрі аспауы тиіс.Қалай ойлайсыз ақындар жүлдеге бола айтысадығо солай емеспа?

    Жауап жазу

Пікір жазу

Сіз не дейсіз?
*

 aaa aaa aaa aaa aaa aaa aaa aaa aaa aaa Көңіл күй бейнелер авторы: IMKAZ.kz.