Валюта бағамы USD : 332.7 | EUR : 389.99 | CNY : 49.72

"ҚАЗАҚ ҮНІ" - ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҮЗДІК ИНТЕРНЕТ САЙТ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ!!!

Қуандық Бишімбаев үш дипломды қалай алған?

Жуырда отандық ratel.kz порталында журналист Вадим Борейконың «Откуда у министра Бишимбаева три диплома» атты мақаласы жарық көрген болатын. Аталмыш мақаланы оқып Ұлттық экономиканың экс-министрі Қуандық Уәлиханұлының данышпандығына біз де қайран қалдық.

Картинки по запросу куандык бишимбаев

Былай болған…

Бишімбаев 1996 жылы 16 жасында мектепті тәмамдаған. Содан ҮШ-ақ ЖЫЛДАН кейін Қазақ Мемлекеттік Басқару академиясының «экономист» деген дипломын алып шығады.

Ары қарай тіпті қызық. 2001 жылы ол бір уақытта «Болашақ» бағдарламасы арқылы АҚШ астанасындағы Дж. Вашингтон атындағы университетті бітіріп МВА дәрежесін алады және М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін тәмамдайды.

(Бұл мәліметтер Википедияда ғана емес, сонымен қатар, Bnews және Zakon.kz сайттарында да бар).

Бұл қалай болғаны? Өз-өзін клондаған ба? Америкада – Қуандық, ал, Таразда – Бишімбаев оқыды ма не? Осы тақырып бойынша Фейсбукте мынандай бір пікір жазылып еді: «Бәлкім ол сопы шығар? Олардың бір уақытта екі жерде жүре алатын мистикалық қабілеттері бар».

Ал енді Қуандықтың әкесі – Уәлихан Бишімбаевтың өмірбаянын оқысақ, барлық сұрағымызға жауап табылады бірден. Таныс болыңыздар:

Уәлихан Бишімбаев!

1996-2001 – М.Х. Дулати атындағы Тараз Мемлекеттік университетінің ректоры. (Баласының диплом алған жылдарымен салыстырып көріңіздер).

2001 жалдан бастап М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің ректоры.

Өңтүстік өңірі жоғары оқу орындары ректорлары Кеңесінің төрағасы.

Және өзге де ұсақ-түйек қызметтер: V шақырылымдағы мәжіліс депутаты, «Нұр Отан» партиясы саяси кеңесінің мүшесі, Қазақстанның үздік ректоры, Мемсыйлықтың иегері.

Солай…

Мақаланы көшіп басу үшін «Қазақ үні» ұлттық порталына міндетті түрде гиперсілтеме беруіңіз қажет.





8 пікір жазылған

Пікір жазу
  1. Қолқоюсыз 1 Қаңтар, 2017, 20:55

    :shoshu:

    Жауап жазу
  2. Қолқоюсыз 1 Қаңтар, 2017, 23:18

    Сонда калай.бул биликтегилердин бари тырнагына дейiн тексерилсе деген созгой.

    Жауап жазу
  3. Қолқоюсыз 2 Қаңтар, 2017, 00:52

    :oilanu:

    Жауап жазу
  4. йцу 3 Қаңтар, 2017, 18:35

    олар коп : :koisai:

    Жауап жазу
  5. казак 5 Қаңтар, 2017, 17:28

    Калаи екни,аитпасада тусиникти! Ондаи»вундеркинттер» уимет басында толып отыр!

    Жауап жазу
  6. Сәке 9 Қаңтар, 2017, 14:59

    Ол жалғыз Бишибмбаев емес, ондайлар толып жатыр…

    Жауап жазу
  7. Сәке 9 Қаңтар, 2017, 14:59

    Ол жалғыз Бишибаев емес, ондайлар толып жатыр…

    Жауап жазу
  8. Мария 7 Мамыр, 2017, 00:18

    Е дұрыс ақ шындық ашылыпты

    Жауап жазу

Пікір жазу

Сіз не дейсіз?
*