Валюта бағамы USD: 332.20 | EUR: 355.50 | CNY: 48.00

Орыс жігіті метрода «нағыз жаңа жыл – Наурыз» деп домбырамен ән салды (ВИДЕО)

Домбырашы Андрей Фендриков алматылық метрода жолаушыларға ән айтып берді, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Домбырашы Андрей Фендриков бұл өнерін Instagram желісіне жүктеді.

«Барлығыңызға кеш жарық. Шошымаңыздар, мұнда сіздерді күлдіру үшін келдім. Дұрыс түсініңіздер, ақша ұсынбаңыздар», – дейді ол жолаушыларға. Осыдан кейін өнерпаз ән айта бастайды.

Өнерпаз сол жерде жаңа жылды кімнің жұмыста қарсы алғанын сұрап, сауалнама өткізеді. Көбісінің жаңа жылды жұмыста өткізгенін білген ол тағы да ән сала жөнеледі:

«Жаңа жылды жұмыста қарсы алсаңыздар, көңіл-күйді түсірмеңіздер – басқа жолы бар. Кімге сенетініңді білмеймін. Ал нағыз жаңа жыл – бұл … Наурыз! Наурыз! Наурыз!», – деп мәлімдейді Фендриков өз әнінде жолаушыларының қошеметіне ие болып.

Андрей Фендриков Instagram желісінде Ақын Ақынұлы деген никпен видеороликтер жариялап тұрады. Бұған дейін ол Алматыда McDonalds тамақтану орнының ашылуында суырып-салма өнерімен тәнті еткен еді.



1 пікір жазылған

Пікір жазу
  1. Саке 9 Қаңтар, 2017, 15:05

    :kulki: :kulki: :kulki1: :kulki1:

    Жауап жазу

Пікір жазу

Сіз не дейсіз?
*

 aaa aaa aaa aaa aaa aaa aaa aaa aaa aaa Көңіл күй бейнелер авторы: IMKAZ.kz.