Валюта бағамы USD: 332.20 | EUR: 355.50 | CNY: 48.00

Тасмағамбетовтың идеясы бойынша жазылған «Атырау арулары» кітабы жарық көрді

Атырауда 15 жыл жазылған кітаптың тұсау кесілді. Тұсаукесер рәсімі 24 қарашада 2006-2016 жылдарға арналған гендерлік стратегия турасындағы конференция аясында өтті, – деп хабарлайды alashinform.kz

Туындының авторы, қоғам қайраткері Рашиля Мұрсалиеваның айтуынша, кітапта парасат-пайымымен, ерлігімен, өнерімен есте қалған ана-апаларымыздың өмірі жайлы сыр шертіледі.

«Кітапта қоғамның әр саласында салмақты үлес қосқан әйелдер қауымы туралы айтылады. Аймақта еңбек еткен мұнайшылар, балықшылар, өнер, қоғам қайраткерлері туралы ақпарат фотосуреттерімен берілген. Әлбетте, бір кітаптың ішіне еңбегі ерен аналарымыздың бәрін сыйғыза алмадық», – деді автор.

Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев кітаптың тұсауын кесіп тұрып ел тарихындағы аналарымыздың рөлін сөз етті:

«Халқымыздың басынан қилы замандар өтті. Қиын-қыстау кезеңдерде ардақты аналарымыз тек отбасының берекесін келтірумен айналысқан жоқ. Елге жөн сілтеп, ерлермен бірге елін-жерін қорғауға шыққан қайраткерлер көп болды. Кешегі Фатима, Бопай аналарымыз, бертіндегі Хиуаздай батырларымыз халық үшін жан аямай тер төкті. Еліміз егемендік алған тұста да әйелдердің рөлі еш кеміген жоқ. Бұл кітап сол ардақты аналарымызға арналған. Өскелең ұрпақ бұл туындыны оқып-танысып, аналарының ерлігінен үлгі алуы керек. Кітаптың мұнымен тоқтап қалмай, келесі томдарының да жазылып, жарық көруін тілеймін», – деді Нұрлан Ноғаев.

Кітаптың идеясы Премьер-министрдің орынбасары Иманғали Тасмағамбетовке тиесілі екенін аймақ басшысы өз сөзінде атап айтты.

Туындыға бас редакторлық еткен ғалым Ғарифолла Әнес, ал редакция алқасында \Фариза Оңғарсынова\, Айгүл Әжіғалиева, Қойшығұл Жылқышиев, Сәрсенбай Еңсегенов, Бақыт Иманғалиев және Әбілхан Төлеуішевтер жұмыс істеген.



Пікір жазылмаған

Пікір жазу
Әлі ешкім пікір жазған жоқ! Бірінші болып пікір жазыңыз!

Пікір жазу

Сіз не дейсіз?
*

 aaa aaa aaa aaa aaa aaa aaa aaa aaa aaa Көңіл күй бейнелер авторы: IMKAZ.kz.