Әбләзовтің Франция түрмесінен босауы мен Дүтбаевтің ұсталуының қандай байланысы бар?

Кеше ҰҚК қызметкерлері комитетті 2001-2006 жылдары басқарған Нартай Дүтбаев пен Нұрлан Хасен және Ерлан Нұртаев деген екі азаматты ұстаған болатын. Бұл оқиға қоғам назарын аударып, қызу талқыға негіз болды, - деп жазады Қамшы.

Картинки по запросу нартай дутбаев

Дүтбаевқа және онымен бірге ұсталған екі азаматқа әзірге «Мемлекеттік құпияларды жария етті» және «Лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланды» деген айыптар тағылып отыр. Тергеу органдары ресми хабарламадан басқа, аталған істің мән-жайын ашып айтпады.

Н. Дүтбаевтің ҰҚК-ні бес жыл уақыт басқарғанын, ол жылдары елде саяси маңызы бар ірі оқиғалардың болғанына қарап, оның тұтқындалуынан саяси себеп іздеушілер де жоқ емес.

Мәселен, Дүтбаевпен бірге ҰҚК абақтысына жабылған Нұрлан Хасеннің 2013 жылы Қазақстанның Италиядағы елшілігінде саяси мәселелер жөнінде кеңесші болып қызмет атқарғаны айтылуда. Сол 2013 жылы Н. Хасеннің үстінен Рим прокуратурасы қылмыстық іс қозғағаны белгілі болып отыр. Corriere della Sera хабарлауынша, Италияда Қазақстан елшілігі қызметкеріне қатысты тергеу амалдары жүрген. Рим прокуратурасы Н. Хасенді және елшіліктің тағы екі қызметкерін қазақстандық экс-банкир М. Әбләзовтің әйелі Алма Шалабаеваны Италиядан Қазақстанға экстрадициялау мәселесіне байланысты тергеген. Италия прокуратурасы Қазақстанның құқыққорғау органдары жүргізген бұл операцияны заңсыз деп танып, адам ұрлығымен тең деп бағалаған. Кейін А. Шалабаеваның қайтадан Қазақстаннан шығып кетуіне мүмкіндік жасалғанымен, тергеудің қалай аяқталғаны әзірге белгісіз.

Н. Дүтбаевтың ұсталуын М. Әбләзовпен байланыстырудағы басты себеп – осы. Естеріңізге салсақ, кеше ұсталған Н. Дүтбаевтің қазір қамауда отырған Мұхтар Жәкішевпен (экс-банкир М. Әбләзовпен достық қарым-қатынасы бар – ред.) байланысына қатысты видео жарияланған болатын.