"СЕЗАМ" ТЕАТРЫ БАЛАЛАРҒА ҚУАНЫШ СЫЙЛАДЫ

sez 1997 жылы Қайрат Баяновтың жетекшілігімен құрылған "Сезам" театры бүгінде қазақ мәдениетінің дамуына елеулі үлес қосып жүрген шаңырақтың бірі. Балаларға қуаныш сыйлаудан жалықпайтын осынау театр ұжымы жақында ғана Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай М.Әуезов атындағы мемлекеттік академиялық драма театрда қайырымдылық шарасын өткізді. Осынау игі шараға Алматы қаласындағы балалар үйлері мен интернаттардың тәрбиеленушілері  және де мүмкіндігі шектеулі балғындар қатысты.   Балаларды қуантуға бағытталған бұл шара одан кейінгі күндері де жалғасын тапты. Мерекелік кеш М. Әуезов атындағы Қазақ Мемлекеттік академиялық драма театрында театр актерлері мен қызметкерлерінің балалары үшін де арнайы өткізілді. 1 Жаңа жылдық шырша кешінде балалар «Сезам» қуыршақ театрының Г.Х.Андерсонның «Қар ханшайымы» ертегісінің желісі бойынша қойылған қойылымды тамашалады. Қойылымды балалар аса қызығушылықпен көріп, кейіпкерлердің өздеріне қайырылған сәттеріне хормен дауыстай қосылып, ертегі әлеміне еніп кеткендей болды. 2 Қойылымнан соң, театр ішінде арнайы құрылған жаңа жылдық шыршаға жиналған балалар мультфильм кейіпкерлерімен қосылып ән айтып, би биледі. Сөйтіп, Ақша қар мен Аяз Атаны дауыстап, ортаға шақырып, шырша кешінің шырайын кіргізді. 3 Аяз Ата мен Ақша қар балалармен бірге неше түрлі ойындар ойнап, ән салды. Осылайша, театрдағы шырша кеші көңілді өтуде.   Баспасөз қызметі qazaquni.kz