Валюта бағамы USD : 326.97 | EUR : 381.05 | CNY : 48.44

"ҚАЗАҚ ҮНІ" - ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҮЗДІК ИНТЕРНЕТ САЙТ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ!!!

Сәкен Майғазиев: Ана тілін білмейтіндер ақша төлеп ағылшын тілін үйренетінін қайтерсің…

Әнші Сәкен Майғазиев өз ана тілін білмей тұрып, ағылшын тілін үйренетіндерді сынға алып, қазақ тілінің жай-күйіне қатысты өкінішін жеткізді деп хабарлайды NUR.KZ. Instagram желісіндегі парақшасына видео жүктеген әнші қазақ тілін білмейтін қазақтарға қатысты пікірін айтты.

“Е-е-eh! Досқа күлкі, дұшпанға таба болу деген осы емес пе екен деп қалам… Баба тілін, ана тілін білмейтін жандардың ақша төлеп тұрып, ағылшын тілін үйренетінін қайтерсің?! Тәуелсіздікті ту еткендерден туған тілін білмейтін біз ғана екенбіз. Ұялсақ етті! Бірақ, оған да намыс керек-ау… 2016-дағы өкпе-назым осы болсыншы, 2017-ге дейін ренжуге де уақыт болмайын деп тұр”, – деп жазды ол.

Оның сөзіне үңілген оқырмандар әншінің жанайқайын сезінгендей болғанын жазды.

“Сәкен аға, барлығы осылай ойласа ғой”, “Бұл бізге біткен жазылмас жара болды ғой”, “Ұят-ай”, – деп жазды желі қолданушылары.





5 пікір жазылған

Пікір жазу
  1. Қолқоюсыз 29 Желтоқсан, 2016, 17:42

    Сәкен інім, өте дұрыс айтасың, сен сияқты танымал(әсіресе жастарға) батырып айтса кішкене болса да ойланар еді. Шет елде жүріп сол елдің тілін үйреніп алдым деп,- мақтанғанда (өзі қазақша білмейді), қынжыласың.

    Жауап жазу
  2. Қолқоюсыз 30 Желтоқсан, 2016, 01:01

    Алла тағала разы болсын сізге

    Жауап жазу
  3. Қолқоюсыз 30 Желтоқсан, 2016, 15:56

    Қазакемдерге, қазақша сөйлеген бір ар намыс көретін сияқты, әсіресе үкімет басындағы шенжділер. Ай қазағымай қашан ар намысымыз оянар екен.Бүкіл ел боп қазақша сайрайтын заман туар мекен. Кайдамау…..

    Жауап жазу
  4. Қолқоюсыз 30 Желтоқсан, 2016, 19:39

    Дурыс айтасыз Сакен ага оте орынды

    Жауап жазу
  5. Нұрлан 31 Желтоқсан, 2016, 14:55

    Жарайсың Сәкен ! Өте дұрыс жағдайды айтып отырсың. Оны көп қазақтар түсінбей жүр ғой. Олар орысша сөйлесе, ағылшынша сөйлесе өте крутой қазақ боламыз деп ойлайды, олай емес бәрібір олар қазақ қой. Қазақ тілін бірінші орынға қоймаса өте қиын болайын деп тұр. Ақымақ Қазақ кезінде ҚСРО-ға да сөйтіп жақындаймыз деп, көбісі орыс болып кеткен, енді тағы сол жаққа кетіп барамыз. Қиын…

    Жауап жазу

Пікір жазу

Сіз не дейсіз?
*