"ҚАЗАҚ ҮНІ" - ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҮЗДІК ИНТЕРНЕТ САЙТ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ!!!

Ақтөбе әкімі жиналыста тағы да ұйықтап кетті (фото)

2016 жылы қазақстандық шенеуніктер дағдарыспен, жемқорлықпен, тіпті ұйқымен де күресуге бар күшін салуда. Алайда «арсыз» ұйқыға олар қарсы тұра алмай жатыр деп хабарлайды «Диапазон» басылымына сілтеме жасап NUR.KZ.

Ақтөбе әкімі жиналыста тағы да ұйықтап кетті (фото)Ілияс Испанов өзінің әкім ретіндегі қызметін үлкен белсенділікпен бастады. Камера алдында зілтемір көтерген ол Ақтөбенің ауыр атлетика саласының болашағы зор екенін дәлелдеп берді.

«Алайда желіге тарап кеткен видеодан Ақтөбе әкімі Ілияс Испанов ұйқымен арпалысып, көзін әрең дегенде ашып отырғанын көруге болады. Сондықтан, түрлі креативтік шаралар әкімнің уақыты мен күш-қуатын алған, ал ресми жиындар оған күш бермеген деп пайымдауға болатын сияқты», – делінген мақалада.

Желтоқсан айында бұл жағдай тағы да қайталанды. Мәлихат сессиясында қала әкімінің тағы да көзі ілініп кетті. Ал «Салтанат сарайы» мейрамханасында Испанов басын төмен салбыратып, ұйқыға басты.

Ақтөбе әкімі жиналыста тағы да ұйықтап кетті (фото)

ҚЫРКҮЙЕК, 2016 Г. АҚТӨБЕ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ ІЛИЯС ИСПАНОВ БАС ПРОКУРОР АСАНОВ ПЕН ОБЛЫС ӘКІМІ САПАРБАЕВТЫҢ ТӨРАҒАЛЫҒЫМЕН ӨТКЕН ЖИЫНДА

Ақтөбенің өзге ірі шенеуніктерінің ішінде жұрт алдында ұйықтап кеткендері аз болған жоқ. Мәселен, Испановтың бірінші орынбасары – Жандос Байырханов.

Ақтөбе әкімі жиналыста тағы да ұйықтап кетті (фото)

АҚТӨБЕ ҚАЛАСЫ ӘКІМІНІҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ ЖАНДОС БАЙЫРХАНОВ ОБЛЫСТЫҚ ЭКОЛОГИЯЛАР МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӨНІНДЕГІ ЖИЫНДА. ҚАЗАН, 2016 Ж.//ФОТО АВТОРДІКІ

 

Ақтөбе әкімі жиналыста тағы да ұйықтап кетті (фото)

ОБЛЫСТЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫ ӘСЕТ ҚАЛИЕВ (ОҢ ЖАҒЫНАН ҚАРАҒАНДА СОҢҒЫСЫ) ДОСТЫҚ ҮЙІНДЕ ӨТКЕН ЖЕР РЕФОРМАСЫ ЖӨНІНДЕГІ ЖИЫНДА. МАМЫР, 2016 Ж. //ФОТО АВТОРДІКІ

Ұйқыдан бөлек Ақтөбе шенеуніктері Бердібек Сапарбаевтың сөз сөйлеуі кезінде смартфондарын шұқылап, әлеуметтік желілерге телміріп отырған жерлерінен де көзге түскен. Олар Instagram желісінде отырған.

Ақтөбе әкімі жиналыста тағы да ұйықтап кетті (фото)





3 пікір жазылған

Пікір жазу
  1. Қолқоюсыз 27 Желтоқсан, 2016, 14:58

    Енеді ұрайынның ұйқышылын-ай!

    Жауап жазу
  2. Қолқоюсыз 27 Желтоқсан, 2016, 19:10

    Бетинен былш еткизип,шыгарып жибермейме.

    Жауап жазу
  3. Қолқоюсыз 30 Желтоқсан, 2016, 22:44

    маубас :aaa:

    Жауап жазу

Пікір жазу

Сіз не дейсіз?
*