Ішкі істер министрі Тінікеевтің ісіне араласуға құлықсыз екенін мәлімдеді

Мәслихат депутатын ұрды деп сынға қалған мәжілісмен Мұхтар Тінікеевтің әрекеті заң бұзушылық емес сияқты. Бұл мәселеге қатысты ішкі істер министрінің жауабына сүйенсек солай қабылдауға болады деп хабарлайды 31 арна.

Картинки по запросу қалмұханбет қасымов

Қалмұханбет Қасымов әдеттегідей бүгін де журналистермен қашып бара жатып тілдескен еді.

Қарауға алына ма депутаттардың адамдарды ұрғаны, дөрекілік жасаған жағдайы тіркелсе?

- Депутаттардан сұраңыз. Жоқ біз қарамаймыз!

- Министр ретінде

- Жоқ!

Ал депутаттың тәртібін қарайды деген әріптестері кеше ғана қолдан келгенше қорғаштап баққан болатын. Өйткені, Тінікеев мырзаның жүрегі қысылып, ауруханаға түсіп қалыпты.

Әлеуметтік желілер арқылы таратылған видеода таяқ жеп жатқан Николай Полевой деген азамат та бұл жағдайды растап, бірақ өзара мәселе деп араласпауды сұраған-ды.

Құқық қорғаушылар қолға алмаса, демек бұл даулы мәселенің шешімі мәжіліс депутаттарының әдеп комиссиясына байланысты болмақ.