Назарбаев Ресей елшісінің өліміне қатысты Путинге көңіл айтты

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ресей президенті Владимир Путинге Ресей елшісінің қазасына орай көңіл айту жеделхатын жолдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап NUR.KZ порталы хабарлайды.

Назарбаев Ресей елшісінің өліміне қатысты Путинге көңіл айттыМемлекет басшысы Ресейдің Түркиядағы елшісі Андрей Геннадьевич Карловтың қазасы туралы хабарды өкінішпен қабылдады.

Жеделхатта Карловтың талантты дипломат болғаны сөз етілген.

"Болған терроризм актісі бүкіл әлем бұл қасіретпен жұмыла күресуі керек екенін тағы да растай түсті. Ешқандай зорлық-зомбылық актісін ақтауға болмайды. Қазақстан терроризмді барлық бағыттарында қолдамайды", - делінген телеграммада.

Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан елінің атынан Карловтың жақындарына көңіл айтуда.