Ахметжан Есімов ЭКСПО құрылысына кәсіпкерлерден 126 млн еуро жинап алды

Астанада кеше ғана өткен «ЭКСПО-2017» жобасына қатысты құрылтайда отандық кәсіпкерлердің қанша қаржы бөлгендері мәлім болды деп жазады Қамшы порталы.

Ахметжан Есімов ЭКСПО құрылысына кәсіпкерлерден ақша жинап алды«Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясының басшысы Есімов шетелдік шет елдік инновацияларды ұмытып, әр облыстың әкімдеріне осы жобаға демеуші тартыңыздар деген өтініш хат жолдаған.

Белгілі болғандай, ЭКСПО-ны ұйымдастырушылардың бөлген қаражаты 10 мың евродан аспады. Департамент директоры ұлттық комапнияның қоғаммен бірлесіп әкімдермен меморандумға қол қойғандығын аталған компанияның баспасөз қызметінің жетекшісі Сергей Куянов та растады. Алайда, баспасөз басшысы ешқандай да жоспардың жоқ екенін ерекше атап өтті.

Мұндай өтініш хаттардың бірі ОҚО әкімі Жансейіт Түймебаевқа да жолданған. Бірақ Түймебаев Есімовтың бұл өтінішін орындаудан бас тартыпты.

Сергей Куяновтың айтуынша, Есімовтің уайымдауына еш себеп жоқ. Шенеуніктермен жеке қарым-қатынасындағы қиыншылықтарға қарамастан, жобаға демеушілер тарапынан қаржы бөлу жұмысы жақсы жүріп жатыр екен. Жалпы Қазақстан бойынша 126 млн еуро қаржы жиналды. Ал, әр облыстың нақты қанша қаражат бөлгендігі жайлы әзірге тіс жарып айта алмаймын, - деді Сергей Кулянов.

126 млн еуро – ескі курспен санағанда 45млрд-тан көп сомма. Осылай Есімов дағдарыс пен девальвацияға еш қаймықпайтын қазақстандық кәсіпкерлерден көп қаржы жинап алыпты.

Жоспарға сәйкес, ЭКСПО-2017 Халықаралық мамандандырылған көрмесін өткізу және оған дайындық шаралары барысында коммерциялық жұмыстан 283 миллион еуродан астам қажы түседі. Ол ақшаның 81 пайызы – демеушілер мен билет саудасынан келетін пайда. Негізі, көрме қонақтары сан алуан шараларға 5 миллион рет (5 миллион адам емес – авт.) келіп кетсе, билеттер саудасынан 82 миллион еуро түседі деген жоспар бар болатын.

Дегенмен, қазірге дейін EXPO құрылысына бөлінген қаражаттың анық есебі жасалған жоқ. Сондай-ақ алғашқы жоспар бойынша, көрме құрылысы 2016 жылдың соңында толықтай дайын болуы тиіс еді. Айта кетсек, дүбірлеп басталып, аяғында халықтан ақша сұрап кеткен жоба жалғыз бұл емес.

"Қазақ елі" телефильміне де мемлекет бөлген қаржы "жетпей" қалып, соңында халықтан ақша жиналған еді. Көрсетілуі тиісті мерзімінен 2 жыл кезіксе де аталған тарихи сериал әлі халыққа көрсетілмеді.

Еске салсақ, EXPO құрылысына мемлекеттен бөлінетін қаражат биылғы жылдың басында қысқартылды. Қазақстанның әлемге атын танытады деген алып пиар-кампанияны өткізу бюджеті 131 миллиард теңгеге қысқарды.