"Қайрат" клубы Ресей чемпионатында бар-жоғы 32 минут ойнаған футболшыға 1 млн еуро төледі

«Қайрат» футбол клубы жартылай қорғаушы Георгий Жуковқа 1 миллион еуро төледі деп жазады Prosportkz.kz.

"Қайрат" клубы Ресей чемпионатында бар-жоғы 32 минут ойнаған футболшыға 1 млн еуро төледі 

Бұл туралы Ресейдің «Спорт День за днем» басылымы хабарлап отыр.

Айта кетейік, Семейде туып Бельгияда өскен футболшы екі жыл бұрын «Астана» командасында ойнаған. Басқа командаға ауысқанда Жуков Қазақстан чемпионаты нашар деңгейде деп жамандаған  да болатын.

Ал соңғы рет «Урал» клубында өнер көрсеткен спортшыны команда басшылығы тәртібі үшін қуып шыққан көрінеді. Ол Ресей чемпионатында небары 32 минут ойнады.

«Қайрат» футбол клубы оның жалақысы туралы ресми ақпарат таратқан жоқ.