Алматыдағы "барахолка" тағы да өртке оранды

Алматыдағы "барахолка" тағы да өртке оранды деп хабарлайды NUR.KZ. "Байсат" базарының өртенгені туралы хабарлама Алматы қалалық ТЖД-не бүгін таңғы 05.57-де келіп түскен.

Алматыдағы "барахолка" тағы да өртке оранды (фото)

Сағат 06.03-де оқиға орнынан алғашқы өрт сөндірушілер келіп, контейнерлердің өртеніп жатқанын көрген.

Өрт деңгейі 3 рангтегі деп бағаланды. Өртті сөндіру үшін 3 өрт сөндіру гидранты мен жеке құрамның 100 қызметкері пайдаланылып, сағат 07.19-де өрт толықтай сөндірілді. Қазіргі таңда өзге де шаралар атқарылып жатыр. Өрт 280 текше метр жерді қамтыған. Зардап шеккендер жоқ.