Қазақстанда туылған кикбоксшы Муса Мусалаевты Германияда өлтіріп кетті

Кикбоксингтен бірнеше дүркін әлем чемпионы Муса Мусалаев Германиядағы Ной-Ульм қаласында өлі күйінде табылды. Бұл туралы NUR.KZ порталы РИА Новостиге сілтеме жасап хабарлайды.

Қазақстанда туылған кикбоксшы Муса Мусалаевты Германияда өлтіріп кеттіБасылымның мәліметіне сәйкес, 37 жастағы ер адамды өткен жұмада белгісіз біреу атып кеткен. Сағат кешкі алтыда бетперде киген тұрғын спортшыға оқ жаудырып, артынша көлігімен ізін суытқан.

Айта кетерлігі, полицейлер бұдан жеті ай бұрын болған адам өлімі мен Мусаның өлімі арасында байланыс бар-жоғын тексеруде. Ол кезде көршілес Баден-Вюртемберг жерінде кикбоксингтен өзге әлем чемпионы оққа ұшырап, көз жұмған.

Р-Спорт мәліметіне сәйкес, Мусалаевтың орыс мафиясымен байланысы бар болуы мүмкін. Алайда бұл ақпарат расталмай отыр.

Спортшыны дәл үйінің алдында атып кеткен. Мусалаев кикбоксингтегі 17 жекпе-жегінде жеңіске жетіп, аралас жекпе-жектің 15-де жеңімпаз атанған. 2013 жылдан бері Германияда тұратын Муса 1979 жылы Гурьевте (бүгінде Атырау қаласы) дүниеге келген.