Қазақстанда сотталушыларға жарты жыл ішінде рақымшылық жасалады

Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай сотталушыларға рақымшылық жасау туралы заң жобасы Қазақстан парламентіне келіп түсті деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Қазақстанда сотталушыларға жарты жыл ішінде рақымшылық жасалады"Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы" заң жобасы қолданысқа енген күннен бастап, алты ай ішінде рақымшылық жасалады деп хабарлады мәжілістің заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің төрағасы Нұрлан Әбдіров.

Қазақстан парламенті мәжілісінің депутаттары палатаның сәрсенбідегі жалпы отырысында республикада рақымшылық жасау туралы заң жобасын өндіріске алды. Әбдіровтің атап өтуінше, Конституция адамдардың өмірін жоғары бағалайды, еркіндігі мен құқығын қорғайды.

"Бұл рақымшылық шарасы заң бұзған азаматтарға қатысты ізгілік актісі, мемлекет тарапынан мейірімділік пен сенім білдірудің көрінісі болып саналады", — деді ол.

Депутаттың сөзіне қарағанда, бұл заң жобасы, негізінен, азаматтардың әлеуметтік осал санаттарын, кәмелетке толмағандарды, жүкті әйелдерді, кәмелет жасқа толмаған балалары бар әйелдерді, қарт адамдарды, мүгедектерді, сондай-ақ болмашы және ауыр емес қылмыс жасаған адамдарды қылмыстық жазадан босатуды көздейді.

"Заң жобасына сәйкес, заңның орындалуы оның қолданысқа енген күнінен бастап алты ай ішінде көзделеді", — деп түйді Әбдіров.