Мұстафа Шоқайға ескерткіш орнатылды (ФОТО)

Облыстық бюджеттен бөлінген 49 млн. 346,0 мың теңгеге мемлекет және қоғам қайраткері Мұстафа Шоқайдың ескерткіші жасалынды, - деп хабарлады ҚазАқпарат қалалық әкімдікке сілтеме жасап.

Қызылорданың көрнекті жеріне  Мұстафа Шоқай ескерткіші орнатылады

Алып ескерткіштің биіктігі - 6 метр, бүгінгі күні ескерткіш орнатуға толық дайын тұр. Ескерткіш 3 натуралық өлшемде, қола материалынан құйылған. Авторы - Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі, мүсінші Көшер Байғазиев.

Бүгінгі таңда Қызылорда қаласының орталығынан ескерткіштің орны белгіленіп, «Мұстафа Шоқай атындағы қоғамдық қордың» қаржысы есебінен биіктігі 6 метрді құрайтын гранит постаменттің құрылысы жүргізілуде.

Ескерткішті орнатуға Қазақстан Республикасында орнатылатын ескерткіштер мен монументтер жөніндегі Мемлекеттік комиссияның хаттамалық шешімімен келісім алынған.

null