Санкт-Петербургте Алаш көсемі Әлиxан Бөкейxанның ескерткіші ашылды (ФОТО)

Кеше, 24 қарашада Ресейдің Санкт-Петербург қаласында Алаш көсемі Әлиxан Бөкейxанның ескерткіші ашылды. Ескерткіштің ашылу салтанаты Тавриялық сарайдың ТМД ПАА штаб-пәтерінде Мемлекеттік Дума мәжілісі өтетін залына кіретін жерде, бас күмбезді шатырда өтті.

Осыдан бір ғасыр бұрын Ресей Думасын дүбірлетіп, Алаштың сөзін сөйлеп, ұлтының мүддесін қорғаған Әлиxан тұлғасы енді Ресей төрінде де тұр. Ескерткіштің ашылуында ҚР Сенат төрағасы Қ-Ж.Тоқаев, ҚР Мәжіліс төрағасы Н. Нығматуллин, Ресей Думасының спикері Матвиенко, Әзірбайжан Парламенті спикері Асадов сөз сөйледі. Шараға Қырғыз, Белорус, Армения, Тәжікстан парламенті делегациясы өкілдері қатысты. Қазақстанның парламенттік делегация құрамында Мәжіліс депутаты, "Ақ жол" партиясы төрағасы Азат Перуашев та болды. Палата төрағасы Нұрлан Нығматулин бастаған мәжілісмендер сондай-ақ, ТМД ПАА 45-ші пленарлық отырысына қатысады. Онда әлеуметтік үлгідегі заңдар топтамасы талқыға түспек. Сондай-ақ, қауіпсіздік, соның ішінде, экстремизм мен терроризм мәселелері де назардан тыс қалмайды. Сапар аясында Нұрлан Нығматулиннің ҰҚШҰ ПА жиынында сөз сөйлеуі және Әзербайжан, Қырғызстан, Ресейден келген әріптестерімен екіжақты кездесулер жоспарланған.

qazaquni.kz