Алашорданың әскери тарихына арналған жаңа көрме ашылады

Похожее изображение

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Ұлттық әскери-патриоттық орталығының Әскери-тарихи музейінде 2016 жылдың 14 желтоқсан күні Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына, 1916 жылғы Ұлт-азаттық көтерілісінің 100 жылдығына, Әлихан Бөкейханұлының 150 жылдық мерейтойы мен орталықтың ашылғанына бір жыл толуына орай «ҰЛЫ ДАЛА: ӘСКЕРИ ТАРИХ» атты ғылыми-әдістемелік конференция және «Алашорда әскери тарихына арналған жаңа көрменің» ашылуы мен  XVI – XVІІ ғасырларда өмір сүрген «Айдарбек батыр Өрісұлының ақ сауытын музейге тапсыру салтанаты» өтеді.

Конференция барысында әр кезеңдегі әскери тарих бойынша зерттеулер, баяндамалар оқылып, бағыттар бойынша талқылау жұмыстары жүргізіледі. Конференция аясында Әлихан Бөкейханұлының 150 жылдық мерейтой құрметіне арналып Музейде Алаш әскерлері мен әскери тарихына арналған жаңа экспозицияашылады.Сонымен бірге,XVI – XVІІ ғасырларда, Сыр өңірінде өмір сүрген даңқты батыр Айдарбек Өрісұлының өмірі туралы баяндама жасалып, батырдың ұрпақтары осы кезге дейін сақтап келген ақ сауыты музей арқылы қалың жұртшылықтың назарына ұсынылмақ.

Басталуы: 09:00

Өтетін жері: ҚР ҚК Ұлттық әскери-патриоттық орталығының Әскери-тарихи музейі, Астана қ., Республика даңғ., 2.  Тел.: +7 (7172) 44-25-71

qazaquni.kz