Санкт-Петерборда Әлихан Бөкейханұлына ескерткіш мүсін орнатылады

Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин Санкт-Петерборда Әлихан Бөкейханұлының ескерткіш мүсінінің ашылуына қатысады, - деп хабарлады ҚазАқпаратқа палата Аппаратының баспасөз қызметінен.

20161124093356

Салтанатты шара Таврический сарайында ТМД ПАА штаб-пәтерінде өтеді. Осында 24-25 қарашада ТМД ПАА және ҰҚШҰ Парламенттік Ассамблеясының шаралары өтетіні жоспарланған. Палата төрағасы Нұрлан Нығматулин бастаған мәжілісмендер сондай-ақ, ТМД ПАА 45-ші пленарлық отырысына қатысады. Онда әлеуметтік үлгідегі заңдар топтамасы талқыға түспек. Сондай-ақ, қауіпсіздік, соның ішінде, экстремизм мен терроризм  мәселелері де назардан тыс қалмайды. Сапар аясында Нұрлан Нығматулиннің ҰҚШҰ ПА жиынында сөз сөйлеуі және Әзербайжан, Қырғызстан, Ресейден келген әріптестерімен екіжақты кездесулер жоспарланған.

qazaquni.kz