Илья Ильин Бейжің мен Лондонда алған алтындарынан айырылып қалды

Халықаралық Олимпиада комитеті Илья Ильиннің Бейжің және Лондон Олимпиадасындағы алтын медальдарын қайтарып алды. Бұл туралы Ұлттық Олимпиада комитетінің ресми мәлімдемесіне сілтеме жасап Baq.kz хабарлайды.

Халықаралық Олимпиада комитетінің тәртіптік комиссиясы 2008 жылы Бейжіңде және 2012 жылы Лондонда өткен Олимпиада ойындарының жеңімпазы, 94 кг салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен қазақстандық ауыр атлет Илья Ильиннің «А» және «В» допинг сынамаларын қосымша тексеру қорытындысы бойынша қазақстандық спортшыны сол ойындардан шеттетіп, көрсеткен нәтижелерінің күшін жойып, жүлделерін қайтарып алу туралы шешім шығарды.

Спортшыға қолданылатын жазаның мерзімін Халықаралық ауыр атлетика федерациясы (IWF) анықтайды.