"ҚАЗАҚ ҮНІ" - ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҮЗДІК ИНТЕРНЕТ САЙТ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ!!!

ҚАЙ ТІЛГЕ БОЛСА ДА, ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕ ЖАУАП БЕРСЕҢІЗ – ЗАҢДЫ БОЛАДЫ!

 

 

Осы уақытқа дейін он бес жылда аю да қазақша үйреніп алар еді…

Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ.

  Мен әлемнің 141 елін аралаған адаммын. Солардың ішінде өз мемлекетінде өз тілінде өмір сүре алмай отырған бейшара халықтты көрдім. Ол – қазақтар.

Реналью ГАСПИРИН,

италиялық жиханкез, кәсіпкер.

 

memlekettik-til-1a

 

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ҚАЛАЙ ДАМЫТУҒА БОЛАДЫ?

 

РФ Сыртқы істер министрлігінің өкілі Элеонора Митрофанованың: «Орыс тіліне айрықша мәртебе алып беру біздің басты міндетіміз. Тым құрыса ТМД аумағында орыс тілі Халықаралық қатынас тілі болу керек. Қазір оның өзі қиын болып отыр», деп, Ресейдің ТАСС агенттігіне берген сұхбаты  тәуелсіз мемлекеттердің ашу-ызасын туғызғаны белгілі. Әрине, бір елдің  министрлігінің өкілінің өздерінің  мемлекеттік тілін өзгелерге де таңып, өзеуреп жатқанын  өзін сыйлайтын елдер елей қоймасы да анық.  « Қазір оның өзі қиын болып отыр»,-деп өзі де мойындағандай,  ТМД елдерінде орыс тіліне ерекше статус бермек түгілі көп мемлекеттерде, мысалы, Латвияда орыс тіліне тыйым салынып,  орыс тіліне онсыз да орын бермейтін  Литвада Ресей телеарналарын көрсету тоқтатылып жатыр…  Көрші қырғыз ағайындар орыс тілінің мәртебесін алып тастады. Өзбекстанда орыс тілі мәселесі кеңес кезеңінің өзінде-ақ шешіліп қойған…  Ал олардың «оң жамбасымызыға келеді» деп ойлап отырған Қазақстан Атазаңнан орыс тілі туралы 7 баптың 2- тармағын алып тастауды талап етіп.  талай  жылдан бері митинг өткізіп, қарсылық көрсетіп келеді.  Сондықтан ресейлік ханымның  бос қиялға  уақыт кетірмей, одан да батыстық санкциядан құтылу жолдарына бас қатырғаны  әлдеқайда  дұрыс болар еді…

Дәл осыған қарап тұрғандай, кеше «Қазақ үні» сайтында қазақ тілінің Қазақ еліндегі аянышты жағдайы туралы үш мақала жарияланды.  Олардың үшеуі де  қазақ тілінің қадамы жазылмай қойған үш өңірдегі қиын жағдайды көрсетеді. Керекулік тіл күрескері Руза Бейсенбайтегі туралы «ТІЛ ҮШІН ТРАМВАЙДЫҢ АСТЫНА ТҮСУГЕ ӘЗІРСІЗ БЕ?» http://www.qazaquni.kz/2016/11/18/60763.html  мақаласы мен Орал қаласындағы қазақ тілінде такси шақыра алмайтын Нұртай Алтайұлының: «Орысша сөйлеуге өзіміз құмар емеспіз бе?!.»   http://www.qazaquni.kz/2016/11/18/60758.html  мақаласы  күйіп тұрған күрделі мәселені сөз етеді.

Әсіресе, қарағандылық  студент-дәрігер  Дастан Жақыповтың « Қазақ тілінде бір бөлке нан мен су сатып ала алмайтыныма күйінемін…» – деген  http://www.qazaquni.kz/2016/11/18/60734.html жанайқайы интернетті  жарды  десек те болады. Бір тәулікте-ақ   Фейсбук желісінде 600-дей адам бөлісіп, өз парақшаларында  жариялап, 1000-ға жуығы қолдау білдіріп, 300-ге жуық пікір жазылып, сайтымызда 11 мыңға жуық адам оқыды.

Жалпы, еліміздегі мемлекеттік тілдің жан ауыртар жағдайын айтып, зарлап келе жатқанымызға биыл Тәуелсіздігіміздің  25 жылдығымен есептесек, ширек ғасыр болады. Қаншама рет митингілер, жиындар өткіздік.  Қаншама рет айтылды, жазылды. Бірақ, нәтиже шамалы болып тұр. Әрине, қайдан нәтиже болсын, егер 25 жылда «Мемлекеттік тіл» туралы заң қабылдай алмаған елде…  Сондықтан да министрлері парламент алдында  «Менің миым мемлекеттік тілге жетпейді,,, ауыстырмасаңдар»-деп жариялап,  жиырма жылдай әлі министр болып келеді.

Енді, тек бір ғана амал болып тұр. Ол үшін өзге елдердің тәжірибесін пайдалану керек.  Мысалы, Балтық бойы елдерін айтпағанда, Өзбекстанда кеңес кезінің өзінде ешкім орыс тілінде сөйлемейтін. Сондықтан, орыстардан бастап, өзге ұлт өкілдерінің бәрі өзбекше сайрайды. Міне, ешқандай заңсыз-ақ,  кеңес империясы кезінде солай болатын.  Ал біз, Тәуелсіздік алғанымызға 25 жыл болды, Мемлекеттік тіл туралы заң болмаса да, Тілдер туралы заңымызда, Конституциямызда  қазақ тілі – мемлекеттік тіл деп айқайлатып жазып қойсақ та, қазақ тіліміздің жағдайы нан сұрауға да жетпейтін мүшкіл халде…

Иә, бұрын да, ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың  өзі де: « Осы уақытқа дейін он бес жылда аю да қазақша үйреніп алар еді…»,  «Қазақ пен қазақ қазақша сөйлессін»– деп, талай айтып келеді. Енді осы «Қазақ пен қазақ қазақша сөйлессін»-деген талапты біз орындадық па? Жоқ!  Қазір Тәуелсіздік алғанымызға 25 жыл болғанда, енді Елбасының сөзін бүгінгі күнге лайықтап, дамытып,  «Қазақстандықтардың бәрі қазақша сөйлеуі тиіс» дейтін кез келді. Бұл қарапайым халықтың ғана талабы емес, Қазақстан Президенті Жолдауында айтылғандай, Үкіметтің өзінің Мемлекеттік тілді дамыту бағдарламасы бойынша да қазақстандықтардың 2017 жылы 80 пайызы,  2020 жылы  90 пайызы мемлекеттік тілде сөйлеуі тиіс деп көрсетілген. Бұл бағдарлама бойынша 2014-2016 жылдары  мемлекеттік және халыққа қызмет көрсететін барлық мекемелер мемлекеттік тілде жұмыс істеуі керек болатын…  Иісі де сезілмейді…

Ал енді біздің елде заңдарымыз да, бағдарламаларымыз да, елбасының тапсырмалары да іске аспайтынына көзіміз жетті. Енді НЕ ІСТЕУ КЕРЕК?

Біріншіден, ол үшін жоғарыда айтқандай, барлық жерде, кімге, қай ұлттың өкілі болса да, тек МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДЕ – ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕ сөйлеуіміз керек. Осылай құлдық құлықтан құтылмай,  мың жерден заң болса да, қазақ тілі дамымайды. «Заң жақсы болғанмен, шенеуніктер нашар болса, ол орындалмайды»-деп бір данышпан айтқандай, мемлекеттік қызметкерлеріміздің көбісінің (министрлер,әкімдер, депутаттар, т.б.) мемлекеттік тілді игеруге, яғни, заңды орындауға сауаттары жетпейді. Сондықтан да, көпшілік орындарда, дүкендерде де, жиындарда да, барлық жерде қазақ тілінде сөйлейік.  Министрлерге, әкімдерге, мемлекеттік қызметкерлердің бәріне, қандай ұлт болсын, мемлекеттік тілде сұрақ қойып, мемлекеттік тілде жауап талап етіңіздер. Бұл заңмен бекітілген ереже. Сізге орыс тілінде немесе өзге тілде сұрақ қойса, тек мемлекеттік тілде жауап беру керек.

Бұл біздің қолымыздан келе ме? Құл болсаң, келмейді. Өйткені, құл қожайын тілінде (орыс тілінде) сөйлеуге құмар болады.  Ұл болсаң, келеді! Өйткені Ұл өз тілінде сөйлейді!

Екіншіден, бізге жетіспей келе жатқан тағы бір өте өзекті мәселе бар. Мемлекеттік тілдің мемлекеттік органда немесе жеке мекеме, дүкендерде тб. аяққа тапталғаны туралы заңдылықты қадағалау органы – Прокуратураға арыз жазып отыру керек. Біздің ең басты кемшілігіміз – заңды түрде шағымданбаймыз. Үндемей сорлы күйінде Қазақ елінде тұрып, титтей дүкеншік сатушысынан бастап, министрге дейін Ресей тілінде жауап беріп тұра береміз. Мықтағанда, айқайласамыз да, кетіп қаламыз. 25 жылдан бері бір қалада прокуратураға 1 күнде 100 арыздан түсіп отырғанда, бүгінде бүйтіп, қазақша нан сұрай алмай отырмас едік. Рузадан бүкіл Кереку орысқұлдары неге қорқады? Себебі ол босқа айқайласпайды, Атазаңды қорғап, заң орындарына, әкімшілікке шағымданып, арыз қалдырады… Міне, істің нәтижелілігі қайда жатыр?

Ал өзге ұлт өкілдері «Орысша жауап бермеді» деп, 25 жылдағы бірер ғана оқиғаға ЗАҢСЫЗ шағымданып, арыз қалдырады. Сондықтан олардың сөзі заң орындарына өтімді.

Үшіншіден, «Орысша жауап бермеді, қазақша жауап берді немесе қазақша сөйледі» деген шағымдануды ЗАҢСЫЗ деп отырғаным, ҚАЗАҚ ТІЛІ – МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ! Тілдер туралы заң бойынша,  сауал немесе өтініш орыс тілінде  бола ма, өзге тілдерде  бола ма, бәріне Сіз ҚАЗАҚ ТІЛІ – МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДЕ жауап берсеңіз – ОЛ ЗАҢДЫ!

Өзбектердің  бізді адам ғұрлы көрмей, менсінбейтіні осыдан, өз елімізде өз тіліміздің нан сұрауға жарамайтыны…  Олардың тірлігі әлсіз болғанмен (біздің ойымызша), тілі мықты, яғни, рухы мықты. Біздің оңтүстікте бейшара «бай» қазақтар өзбектерді мақта тергізуге жалдап отырып, сол жалшысының тілінде – өзбек тілінде сөйлеуге құмар құлдық құлығын көріп отырып, не сұрайсың енді…

Жалшысының  (өзбектің, т.б.) тілінде де сөйлеуге құмар   РУХАНИ ҚҰЛ ҚАЗАҚТАРДАН , қожайыны болып қалған, әлі солай сезілетін Орыс тілінде сөйлемеңдер деп алысу – не деген азапты да, аянышты өмір еді..

Сондықтан да, италиялық жиханкез, қазіргі заман кәсіпкері Реналью Гаспириннің: «Мен әлемнің 141 елін аралаған адаммын. Солардың ішінде өз мемлекетінде өз тілінде өмір сүре алмай отырған бейшара халықты көрдім. Ол – қазақтар»- деп, бізді әлемге масқара қылғаны…

 

ҚАЙ ТІЛГЕ БОЛСА ДА, ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕ ЖАУАП БЕРСЕҢІЗ – ЗАҢДЫ БОЛАДЫ!

«Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы» ҚР Заңының 4 бабына сәйкес – Қазақстан Республикасында мемлекеттік тіл болып – қазақ тілі танылады және барлық деңгейдегі мемлекеттік органдар мемлекеттік тілді жан-жақты дамытуға міндетті.
9-бап. Мемлекеттiк органдар актiлерiнiң тiлi.
Мемлекеттiк органдардың актiлерi мемлекеттiк тiлде әзiрленiп, қабылданады, қажет болған жағдайда, мүмкiндiгiнше, басқа тiлдерге аударылуы қамтамасыз етiле отырып, оларды әзiрлеу орыс тiлiнде жүргiзiлуi мүмкiн.
11-бап. Азаматтардың өтiнiштерiне қайтарылатын жауап
тiлi.
«Мемлекеттiк және мемлекеттiк емес ұйымдардың азаматтардың өтiнiштерi мен басқа да құжаттарға қайтаратын жауаптары мемлекеттiк тiлде немесе өтiнiш жасалған тiлде берiледi.»-деп жазылған.
Яғни, Тілдер туралы Заңның 4- 9-11 баптары бойынша азаматтар мен заңды тұлғалар тарапынан түскен арыз-шағымдарға жауапты, олардың қай тілде берілгеніне қарамастан, мемлекеттік тіл – қазақ тілінде қайтаруға құқылы!

Яғни, Сіз қай тілде, орыс тілі ме, шүршіт тілі ме, т.б. тіл ме, сұрақ қойылса да, ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕ – МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДЕ ЖАУАП БЕРСЕҢІЗ – ЗАҢДЫ БОЛАДЫ.  ӨЙТКЕНІ ПРЕЗИДЕНТТІҢ ӨЗІ ҚОЛ ҚОЙҒАН ЗАҢЫМЫЗДА ОСЫЛАЙ ЖАЗЫЛҒАН.  Ол үшін Сізді ЕШКІМ ЖҰМЫСТАН ШЫҒАРА АЛМАЙДЫ. ҚАЙТА ПАТРИОТТЫҒЫҢЫЗ ҮШІН АЛҒЫС ХАТ, қалауы болса, тіпті сыйақы беруі керек!

Тіл туралы заңда ең жоғары статус – мемлекеттік тіл статусы. Қазақ тілінің мемлекеттік тіл статусынан жоғары статус болмайды. Сондықтан сауатсыздардың (министр ме, әкім бе, депутат па, сатушы ма, бәрібір) қандай да бір орыс тілінің «мәртебесі» туралы   «ережелері»  МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІҢ қасында бос сөз болып табылады!

2007 жылы Мәжіліс депутаты ақын Мұхтар Шаханов бастаған бір топ депутаттың: «Конституция бойынша орыс тілі  мемлекеттік тілмен бірдей болып табыла ма?» деген сұрағына Конституциялық Кеңес: » Атазаңның 7- бабы 2-тармағы  бойынша «Орыс тілі мемлекеттік тілмен қатар қолданылады»-деген сөз – орыс тіліне   мемлекеттік тілмен бірдей  статус бермейді.»-деп,  Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің 2007 ж. 23 ақпандағы № 3 қосымша қаулысымен жауап берген.  

Яғни, «орыс тілінің статусы мемлекеттік тілмен бірдей» -деген сөз ойдан шығарылған, орыс тілінің құқын асыра пайдаланған орыс тілділер жасап алған жалған «статус».

Әрине, МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІҢ ДАМЫМАУЫ – МЕМЛЕКЕТТІҢ БАСТЫ КІНӘСІ! МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ МӘЖБҮРЛЕМЕЙ, ТІЛ ДАМЫМАЙДЫ деп талай жаздық.   (» АТА ЗАҢДЫ ӨЗГЕРТПЕЙ, ТІЛДІ ҮЙРЕНУ – СУҒА ТҮСПЕЙ ЖҮЗУДІ ҮЙРЕН ДЕГЕНМЕН БІРДЕЙ…  http://www.qazaquni.kz/2011/09/14/8911.html )    Бірақ  бұл бәрімізге, қазақтарға, бізге,  қазақтілділерге де байланысты. Біз мемлекеттік тіл статусын заңға сай талап ете алмаймыз. Ал орыстілділер  ресми тілді мемлекеттік тілден де асырып, пайдаланып отыр.  Де-факто орыстілі мемлекеттік тіл рөлін иеленуде. Бұл жерде заң емес… жеке тұлғалық жетекшілік қасиеттер көп рөл ойнайды. Егер екі тілдің статустары керісінше болса, қайтер едік… Онда жаңбыр жаумай езіліп жүрген қазақ тілі мүлде құрып бітер еді…

Яғни, бізге » МЕН МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДЕ СӨЙЛЕЙМІН!» деген  шектеусіз акцияны бастайтын уақыт баяғыда жетті!

Мысалы, жоғарыда айтылған қазақша нан сұрап ала алмай жүрген қарағандылық Дастан Жақыповтың жағдайын алайық.  Фейсбук парақшасында үлкен талқылау болып жатыр. Сонда  Алаштың  арқалы ақындары Тыныштықбек пен  Серік Ақсұңқарұлына: «Қарағандыда  бір бөлке НАН мен бір бөтелке СУ алу үшін қала дүкендерін аралап, ақындар рейдін жасап шығыңыздаршы»  деп өтініш айттық.  Содан соң біз  «Қазақ үнінен» бастап, барлық сайттарға салып, газеттерге жариялайық жағдайды… Өйткені, сөзден іске көшетін уақыт баяғыда жетті… 25 жыл – ширек ғасыр болды – әлі өз жерімізде, өз елімізде өз тілімізде нан сұрап жей алмаймыз! 25 жылдық Тәуелсіздік мерекесіне орай… ауыр артиллерия – ақын-жазушылар, зиялылар  алдыңғы қатардан табылмаса, бұларды жалпы халық қолдамаса, енді қашан қозғаламыз?!.

«Қазақ тілі дамымайды»-деп айқайлап келеcіз, ал Сіз бүгін неге дүкенде сауда жасағанда сатушы өзге ұлт өкілімен қазақ тілінде сөйлеспедіңіз?  Орысша сұрақ қойғандарға неге қазақ тілінде жауап бермедіңіз? 

Әлде, ұлттық намысыңыз бен жігер-қайратыңыз студент Дастаннан немесе әйел Рузадан, не болмаса  Оралдағы жұмыссыз Нұртайдан кем бе еді?!.

 

Қазыбек ИСА

qazaquni.kz

 

 





59 пікір жазылған

Пікір жазу
  1. admin Author 20 Қараша, 2016, 01:40

    ҚАЙ ТІЛГЕ БОЛСА ДА, ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕ ЖАУАП БЕРСЕҢІЗ – ЗАҢДЫ БОЛАДЫ!
    МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ҚАЛАЙ ДАМЫТУҒА БОЛАДЫ?
    Сіз қай тілде, орыс тілі ме, шүршіт тілі ме, т.б. тіл ме, сұрақ қойылса да, ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕ – МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДЕ ЖАУАП БЕРСЕҢІЗ – ЗАҢДЫ БОЛАДЫ. ӨЙТКЕНІ ПРЕЗИДЕНТТІҢ ӨЗІ ҚОЛ ҚОЙҒАН ЗАҢЫМЫЗДА ОСЫЛАЙ ЖАЗЫЛҒАН. Ол үшін ЕШКІМ ЖҰМЫСТАН ШЫҒАРА АЛМАЙДЫ. ҚАЙТА ПАТРИОТТЫҒЫҢЫЗ ҮШІН АЛҒЫС ХАТ, қалауы болса, тіпті сыйақы беруі керек!
    Тіл туралы заңда ең жоғары статус – мемлекеттік тіл статусы. Қазақ тілінің мемлекеттік тіл статусынан жоғары статус болмайды. Сондықтан сауатсыздардың (министр ме, әкім бе, депутат па, сатушы ма, бәрібір) қандай да бір орыс тілінің «мәртебесі» туралы «ережелері» МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІҢ қасында бос сөз болып табылады!
    «Қазақ тілі дамымайды»-деп айқайлап келеcіз, ал Сіз бүгін неге дүкенде сауда жасағанда сатушы өзге ұлт өкілімен қазақ тілінде сөйлеспедіңіз? Орысша сұрақ қойғандарға неге қазақ тілінде жауап бермедіңіз?
    Әлде, ұлттық намысыңыз бен жігер-қайратыңыз студент Дастаннан немесе әйел Рузадан, не болмаса Оралдағы жұмыссыз Нұртайдан кем бе еді?!.
    http://www.qazaquni.kz/2016/11/20/60799.html

    Жауап жазу
  2. Руза 20 Қараша, 2016, 07:33

    Керемет ұран тастадыңыз, Қазеке! Осыған жетсе халқымыз, осыны оқығаннан басталып, ел өзгеретініне, қазаққа жайлы өзгеретініне кәміл сенімдімін.

    Жауап жазу
    • Ассар 25 Қыркүйек, 2017, 20:35

      Орыс тілді туыстар бар. Олар әлі мойындамайды. Мәңгі орыс тіл керек қазақ тілімен ешқайда бара алмайсың деп қақсап отырады. Орыс тілімен орыстар қайда барды ? Дамыған ел бар ма орыс тілді ? Мен кореяда болдым. Орыс тіл білетін ресей мен қазақстан адамдары мылқау болдық. Ағылшын тілін білетін ел көп екен. Араб, Түрік, Парагвай, тб халықтар ағылшынша сайрап еркін жүр. Сонда бізді халықаралық дейтін орыс тіліміз басқа әлемде жарамай қалса оның несі халықаралық тіл ? Ол мәңгүрттердің тілі. Мысалы Германияда жүріп өзге елге ұшаққа отырғанда, барған еліңде қонақ үйлер, ұялы байланыстар орыс тілінде қызмет көрсетпейді ғой. Бәрі аеғылшын тілінде. Әлемнің кез келген нүктесінен ағылшын тілінде қызмет алуға болады. Онда орыспен мәңгүрттерге ғана керек орыс тілі бізге не қажеті бар? Интернеттен сауда жасағанда қазақша менеджер талап етіңіздер.

      Жауап жазу
  3. Мансур Ербол 20 Қараша, 2016, 08:27

    1.Әр адам қазақша сұрап қазақша жауап беруге дағдыланып машықтануы керек.Өзге тілді білседе 2.Кейбір таныстыру нұсқаулар қазақ тіліне аударылғанда қатесіз толық айқын мағұлымат беретін болуы қажет.Түсінбеген адам өзге тілдегі түп нұсқасын оқиды да қазақ тілін менсінбей ұнатпай жарамсыз дейді. 3.Шет елден келген азаматтан құжат қабылдау барысында шет ел тіліндегі сөзді орыс тіліне десе тіпті қазақ шекарасынан үш тілде жазып берілген құжатты иесінің аты үшін орыс тіліне аудартқызып қинайды. Орыс тіліне ғана сенуді тоқтату керек 4.Қазақ тіліндегі басылымдарын да аралас басылымдардағы қазақша беттері санын көбейтсе екен.Шыққан заңдар шешім нұсқаулар ана тілімізде таратылса жөн болғандай.

    Жауап жазу
  4. нурсултан 20 Қараша, 2016, 09:30

    заң кабылданды ма? әлде киял ма

    Жауап жазу
    • Арыс 28 Қараша, 2017, 23:09

      Қазақ елінде, жерінде тек қана қазақша
      ойлап, қазақша сөйлеуіміз керек! Ал ана міңгірлеген мәжілісмендердің тіл туралы шығарып отырған заңдарына түкіргенім бар!

      Жауап жазу
  5. Санат Сүгірәлі 20 Қараша, 2016, 12:31

    Қазақ тілі жөнінде өз пікірімді ФБда үнемі жазып келем. Қай жерде де болса қазақша сөйлеу керек және соны талап ету керек. Соңғы уақыттарда сөйлескен жерлерімде қазақша операторларға қосайық дейтін болды, бұның өзі азда болса жетістік, Талап біреу ғана болу керек: қазақ тілінде сөйлеу! Соған баршамыз ат салысуымыз керек! АТА ЗАҢнан » язык межнациональных отношений»дегенді алдыру керек!

    Жауап жазу
  6. Мәди 20 Қараша, 2016, 13:08

    11-бап. Азаматтардың өтiнiштерiне қайтарылатын жауап
    тiлi.
    «Мемлекеттiк және мемлекеттiк емес ұйымдардың азаматтардың өтiнiштерi мен басқа да құжаттарға қайтаратын жауаптары мемлекеттiк тiлде немесе өтiнiш жасалған тiлде берiледi.»-деп жазылған.
    Яғни, Тілдер туралы Заңның 4- 9-11 баптары бойынша азаматтар мен заңды тұлғалар тарапынан түскен арыз-шағымдарға жауапты, олардың қай тілде берілгеніне қарамастан, мемлекеттік тіл – қазақ тілінде қайтаруға құқылы! Бұл 1997 жылы қабылданған заң, Нурсултан

    Жауап жазу
  7. Махамбет 20 Қараша, 2016, 13:52

    «Қазақ тілі дамымайды»-деп айқайлап келеcіз, ал Сіз бүгін неге дүкенде сауда жасағанда сатушы өзге ұлт өкілімен қазақ тілінде сөйлеспедіңіз? Орысша сұрақ қойғандарға неге қазақ тілінде жауап бермедіңіз?
    Әлде, ұлттық намысыңыз бен жігер-қайратыңыз студент Дастаннан немесе әйел Рузадан, не болмаса Оралдағы жұмыссыз Нұртайдан кем бе еді?!.» мына сөз тура маған айтылғандай, Қазекең видеомен көріп тұрғандай болды… Өзімнен – өзім ұялып кетіп, қайта барып, тағы бір заттар алдым. Сатушы орыс қыздың өзі «бір бөлке нан мен бір бөтелке су бер» дегенді түсініп қана қоймай, «жақсы» деп жауап берді. Міне, бәрі өзімізге байланысты екен ғой… Осылай ақырындап сіңдіре беру керек.

    Жауап жазу
  8. Лаура 20 Қараша, 2016, 15:01

    Орысша қоиылған сураққа қазақша жауап бергеним ушин жұмыска алмаи қойған

    Жауап жазу
  9. Қолқоюсыз 20 Қараша, 2016, 15:15

    :jap:

    Жауап жазу
  10. маңғыстау 20 Қараша, 2016, 16:22

    нән кетпеи биліктен қасында жүрген қол шоқпарлары қазақша сөилемеиді қорқады шетінен қазақ тілін менсінбеген малғұндардың тілдерін кесіп тастау керек

    Жауап жазу
  11. зимара 20 Қараша, 2016, 16:40

    .Ертеңге қалдырмай бүгіннен бастап бала -бақшалардан бастап қазақша сөйлеп үйретіп, қазақы салт дәстүрімізді бүлдіршіннің санасына сіңіруіміз керек, (Әр жан-ұяда да міндетті түрде ) кез – келген жерде қайда болсам да кіммен болса да басқа тілде сөйлеген кез келген адамға қазақша жауап беремін, өз тілімде сөйлеймін, (қай ұлт болса да )ол үшін жоғары оқу орнын бітірген жоқпын, өз санам өрем солай бағыттайды…

    Жауап жазу
  12. александр 20 Қараша, 2016, 19:13

    Дұрыс бастама, бірақ утопия. Руза сияқты жеке азаматтар қазақша сөйлесе,ал шенеуниктер, президентен бастап орысша сайраса ештене болмайды. Біздін Президентіміз, қазақ тілі істемей тұрган заманда, үштілдік саясатын жариялады. Осы үштілдік саясаттын арқасында көп болса 20-30 жылдын ішінде тілденде, мемлекеттенде айырыламыс. Сингапурдын Кытайлықтарға төтеп бере алмағанда біз мүлде бере алмаймыс. Көзіргі қырықтағы жігіттер мен қыздарымыз көбісі помойқада аштан қырылады. :zhlau:

    Жауап жазу
  13. Жанашыр 20 Қараша, 2016, 20:16

    Тек, қолдайтын халық керек, жалғыздың үні шықпасты ұмытпауымыз керек, бəрі ақылмен істелетінді айқаймен шешудің қажеті жоқ.

    Жауап жазу
  14. Руза 20 Қараша, 2016, 20:35

    Жанашыр, 25 жылда қандай ақыл айтылмады), шешілді ме? Қазақ митингіге шықса ғана, не бермегенін билктің жолынан алса ғана тілімізді тұғырына қондыра аламыз. Ал бұл сіз айтып отырған айғай шу). Алла да айтқан, әрекет етпесең ештеңе бермеймін деп. Өзінен өзі ештеңе болмайды)

    Жауап жазу
  15. Түңілген 20 Қараша, 2016, 21:51

    Конституциялық Кеңес: » Атазаңның 7- бабы 2-тармағы бойынша «Орыс тілі мемлекеттік тілмен қатар қолданылады»-деген сөз – орыс тіліне мемлекеттік тілмен бірдей статус бермейді.»-деп, арнайы Қаулымен жауап берген.
    ****************************************************************************************Сол-арнайы Қаулының нөмірі мен көрсетілген уақыты қайда? Жалаң сөз-өсекке айналады. :jap:

    Жауап жазу
  16. Түңілген 20 Қараша, 2016, 22:06

    Жанашыр, соншалықты сенің кімге жаның ашып тұр?! «Жалғыздың үні шықпас»,-деп, саған кім айтты? Павлодарда жалғыз Рузаның үні неге бүкіл республикамызға естіліп жатыр? Әлде, сенің екі құлағың керең болып қалды ма? Шамасы, сенің тек аузың сөйлеп, қол-аяғың жұмыс жасай алмайтын адамсың-ау, шамасы! :oilanu: :oilanu:

    Жауап жазу
  17. Абақ -Керей 20 Қараша, 2016, 22:18

    Керемет ұран екен! Намысы бар қазақтар бәріміз осылай істеуіміз керек және қазақ қазаққа дос, қазақ қазақты алдамауы керек, қазақ қазақты өлтірмеуі керек, қазақ қазаққа көмектесуі керек, қазақ қазақты қолдауы керек, қазақ қазақты жек көрмеуі керек, руға бөлімбеуі керек деген ұран тастау керек. Кезінде Совет кезінде еврейлер осындай памятка. Бір -біріне таратқан екен!

    Жауап жазу
  18. Бегалы 21 Қараша, 2016, 00:39

    Өте орынды осы жаиында қаулы шығарып дүкендерде тұрған шүршіттерге қожайындары шарт қоисын екі аптама үшпа осы уақыт аралығында тіл үиренбесең жұмыстан шығасын әлде жалақың азаят деген сияқты дүкен қожайындарының құлағына алтын сырға

    Жауап жазу
  19. Өмірхан 21 Қараша, 2016, 06:40

    Әрине 100 пайыз қолдаймын.Өзім де солай істеймін.Орыстарға қазақша жауап беру керек.

    Жауап жазу
  20. калып 21 Қараша, 2016, 11:37

    Барлыгымыз уиде балаларга кун саиын осынв аиту керекпиз ар казак оз ортасын казакша соилетуге барынша атсалысу керее ,болмаса жогарыдан умит жок

    Жауап жазу
  21. Райхан 21 Қараша, 2016, 11:51

    Менде қосыламын намыстану керекпіз тəуелсіз елде тұрып жатырмыз беп аузымызды толтырып айтқанмен ана тіліміз үшін осылай күрсеу өте үлкен сын. Ұрпақтан ұялмас үшін қазақтар бəріміз бірден қолдайық жəне аяғына дейін шешу керек. Басқа тілді адам өз қажетіне қарай үйрену қажет. Мектептен үш тілді үйренгенмен ол адамға өмір бойы қажет болмауы мүмкін ғой. Неге балаларды қинаймыз. Ағылшын мен орыс тілін əлі ажырата алмайды бірінші кластағы оқушы.

    Жауап жазу
  22. admin Author 21 Қараша, 2016, 14:18

    2007 жылы Мәжіліс депутаты ақын Мұхтар Шаханов бастаған бір топ депутаттың: «Конституция бойынша орыс тілі мемлекеттік тілмен бірдей болып табыла ма?» деген сұрағына Конституциялық Кеңес: » Атазаңның 7- бабы 2-тармағы бойынша «Орыс тілі мемлекеттік тілмен қатар қолданылады»-деген сөз – орыс тіліне мемлекеттік тілмен бірдей статус бермейді.»-деп, Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің 2007 ж. 23 ақпандағы № 3 қосымша қаулысымен жауап берген.

    Жауап жазу
  23. сауле 21 Қараша, 2016, 18:10

    :unatu: :unatu:

    Жауап жазу
  24. Исаға 21 Қараша, 2016, 18:16

    мініп жүрген аво көлігіміз бұзылса, авто бөлшектерді қалай
    қазақша айтамыз

    Жауап жазу
  25. Махамбет 21 Қараша, 2016, 23:30

    Мысалы, қандай автобөлшек? Олардың көбісі орысша да емес қой. Егер орысша болса, қазақшасы да бар

    Жауап жазу
  26. Түңілгенге 21 Қараша, 2016, 23:31

    Конституциялық Кеңес: » Атазаңның 7- бабы 2-тармағы бойынша «Орыс тілі мемлекеттік тілмен қатар қолданылады»-деген сөз – орыс тіліне мемлекеттік тілмен бірдей статус бермейді.»-деп, Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің 2007 ж. 23 ақпандағы № 3 қосымша қаулысымен жауап берген.

    Жауап жазу
  27. қазақ.2 22 Қараша, 2016, 00:36

    МЕН ҚОС ҚОЛДАП ҚОЛДАИМЫН.ӨЗБЕКТЕРДЕ МЫНАДАЙ СӨЗ БАР ОРЫС БОЛҒЫҢ КЕЛСЕ БІРІНШІ ҚАЗАҚ БОЛ ДЕГЕН.КƏНЕКИ БАРЛЫҚ ЖЕРДЕ ҚАЗАҚША СӨИЛЕСЕ.

    Жауап жазу
  28. Нургул 22 Қараша, 2016, 08:24

    Мен дəрігермін. Мен қабылдауға келген орыс ұлтының науқастарына орысша сөйлеймін.Бірақ амбулаториялық картаға қазақша жазғаным үшін науқас менің үстімнен министрге шағым түсірді. Мен қазақпын,құдайға шүкір ҚАЗАҚСТАНЫМДА өмір сүремін,қазақша мектеп,жоғарғы оқу орнын бітірдім неге орыс тілінде жазу керекпін дегенде менікін қатеге шығарды.Бекерден бекер түсініктеме жаздым. Енді орысша жазам кешіріңіз деп,себебі соған мəжбүрледі. Менің ойымша өз отанымызда өз ана тілінде сөйлемесек,жаза алмасақ келешек ұрпағымыз қандай күйге ұшырайды !!!!!!!! Сол оқиғаға əлі қаным қаралды.

    Жауап жазу
  29. admin Author 24 Қараша, 2016, 03:10

    ҚАЙ ТІЛГЕ БОЛСА ДА, ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕ ЖАУАП БЕРСЕҢІЗ – ЗАҢДЫ БОЛАДЫ!
    ӨЙТКЕНІ ПРЕЗИДЕНТТІҢ ӨЗІ ҚОЛ ҚОЙҒАН ЗАҢЫМЫЗДА ОСЫЛАЙ ЖАЗЫЛҒАН. Ол үшін Сізді ЕШКІМ ЖҰМЫСТАН ШЫҒАРА АЛМАЙДЫ.
    http://www.qazaquni.kz/2016/11/20/60799.html

    Жауап жазу
  30. Көкбөрі 24 Қараша, 2016, 14:07

    Астананы Нұрсұлтан деп атау үшін, ақыр Конституцияны өзгертеді екен, онда ондағы орыс тілі туралы 7 баптың 2-ші тармағын да алып тастап, мемлекеттік тілдің дамуына жағдай жасасын. Сонда қолдаймыз Астана атының Нұрсұлтанға айналуын.

    Жауап жазу
  31. Махамбет 24 Қараша, 2016, 14:08

    Мемлекет басшысының есімі мемлекеттік тілдің дамуымен байланысты болуы керек қой, қайта тұсау болмай… Сондықтан Елбасы Конституцияда мемлекеттік тілдің артықшылығын қамтамасыз етсін.

    Жауап жазу
    • Марат 6 Қараша, 2017, 11:26

      Барлық қазақ өз тілінде сөйлеуге міндетті.Өзімізде кінəлəміз əлі құлдық санадан айырыла алмай жүрміз.Бір немесе басқа ұлт отырса жарысып орысша сөйлейміз.Сосын оларға да бəрібір.Егер бəрі қазақша сөйлесе ол өзі үшін үйренеді.

      Жауап жазу
  32. аноним 3 Желтоқсан, 2016, 12:31

    Президенттің ози айткан жокпа Алматыда орысша арызга казакша жауап жазгандарды жумыстан шыгарындар деп, сол ушин прокуратураның барлық болимдери мемлекеттік органдардың кызметине тексеру жургизген, казир орысша арызга тек орысша жауап жазып отыр бар мемлекеттік органдар

    Жауап жазу
  33. тима 9 Желтоқсан, 2016, 23:28

    Орысша өтінішке қаақ тілінде жауап жазганым үшін қатаң ескерту алдым))

    Жауап жазу
  34. Лаура 25 Ақпан, 2017, 23:42

    Мені де орысша жүз пайыз білмейсіз деп түйіндемемді (резюме) бетіме лақтырған еді(((. Сол жұмысқа алмақшы болған адамның өзі қазақ. Өте өкінішті… Сондағысы бір 50 000 теңгелік жалақымен Стоматологияда ресепшн болып істеу үшін, дегенмен орысша да білемін түсінемін сөйлей аламын бірақ 100 пайыз білмеймін, мектепті, жоғарғы оқу орынын қазақ тілінде оқығанмын деп едім, жоқ бізге орыс тілді мамандар қажет деді (əрине орыс тілінде), Өз елімде өз жерімде өзімнің ана тілімнің қадірінің кеткеніне қатты қапаландым*(. Сол жерде шүлдірлеп орыс тілінде сөйлеп отырған өзіміздің қазақтың қара көз қызы. :shoshu:

    Жауап жазу
  35. Тимур 26 Ақпан, 2017, 05:42

    Конституциядағы орыс тілі мəртебесі Қазақстан кеңес тарқаған кезде қабылданған заңдар. Ол кезде орыстардың саны Қазақтармен бірдей еді. Бір жағынан барлық басқарушы билік сол кеңесте орыстардың қолында істеген қызметкерлер еді, айтқаны айтқан, дегені деген, қысқасы құлдық сана қалыптасып қалған еді. Солтүстік облыстарымызда қазақтардан орыстар басым еді,сондықтан орыс тілін уақытша заңдармен мəртебесін бекітпесе болмас еді. Ал кəзір одан соң 26 жыл өтті, ол кездегі мектепке енді барған бала 30дан асып кетті,ел басқарар жасқа келді, оларда көзқарас мүлдем басқаша. Кəзіргі күнгі нақты мəлімет бойынша қазақтар жетпіс пайыздан асып кетті,ал орыстар өз еліне асыға көшуде, көшу жақын жылдарда қарқындамаса азаймайды,оның орнына қазақтарда былтырдан бастап көшіп келуі қатты өсті, орыстардың мөлшері жиырма пайыздан түсіп кетті, ол дегеніңіз 4-5есе аз деген сөз. Оған басқа өсу қарқыны бізден жоғары біздегі мұсылман ұлт өкілдерін қоссаңыз 75%дан асып жығылуда. Сондықтан осы конституциалық өзгерістерді пайдалана отырып ресми тілді қазақ тілі етіп өзгерту керек. Оған есі түзу, орысқұлдықтан арылған, жүрегінде ұлтжандылық шоғы бар жігерді ағаларда жəне елбасының тікелей өзіде тəуекелдікке баруы тиіс.

    Жауап жазу
    • Дəутжан Қарағанды 25 Қыркүйек, 2017, 11:28

      Нағыз азаматтың сөзін Тимур айтты! Тіл туралы заңға өзгеріс енбесе , ешқандай мемлекеттік орган,ешқандай мемлекеттік шенеунік Мемлекеттік тілде сөйлемейді.заңмен қорғалмаған тіл ешқашан өркендемейді. Тілімізге жаны ашыған адам тіл туралы заңды қайта қарау туралы мəселені Тимур сияқты төтесінен қоюға тиіс. тілдің беделін бүгінгі қолданыстағы тіл туралы заңмен көтереміз деушілік бос сөз !Өз өзімізді алдау керек емес.тіл туралы заңды қайта қарайтын уақыт жетті. Латын алфабиті қазақ тілінің статусын көтеруі үшін де бұл заң жаңаруы керек.

      Жауап жазу
  36. Димаш 26 Ақпан, 2017, 08:20

    Керемет барша қазақ қолдаса

    Жауап жазу
    • Нұргүл 26 Қыркүйек, 2017, 14:15

      Қолдаймын! Орысқа қазақша сөйлеу керек! Ұқпаса, өзі білсін! Тек қазақша сөйлеу керек! Патшамыздың:»16 ЖЫЛДА АЮ ДА ТІЛ ҮЙРЕНЕДІ» деген сөзі үлгі болу керек!

      Жауап жазу
  37. Қолқоюсыз 26 Ақпан, 2017, 16:22

    Енді тілге келіп тірелдіме басқа нəрселерді туралап алайықта бір адам екі немесе үш тілде сөйлегені жақсы жан-жақты болу керек қой қазіргі заманда!

    Жауап жазу
  38. Алпысбай 27 Ақпан, 2017, 10:24

    Егер, ана тілім ертең өлсе, мен бүгін өлуге дайынмын деген Расул Ғамзатов, сонау қылышынан қан тамған кеңес заманында.

    Жауап жазу
  39. Нұржан 27 Ақпан, 2017, 19:08

    Мемлекеттік сөлемейтіндерге салык салу керек, сонда сайрайтын болады. Сонымен қатар басшылардың хатшылары және халыкка байланыс құралдарымен қызмет жасайтын адамдады мемлекеттік тілде сөйлейтіндерді алуы керек. Мысалы орыс тілін бітірген оқушылардың аттестаттарын қарасаңыз 5, ал қазақ тілінде бір ауыз сөз білмейді. Оны қалай түсінуге болады. Коптеген басшы құрамның балалары немерелері орыс тілінде мектеп, бала бақшада жүр. Ондай адамдарды басшы тарапқа жолатуға болмайды. Осының бәрін заңмен бекітсе гой шіркін. Қазақ тілінде сайрар еді.

    Жауап жазу
  40. Қолқоюсыз 27 Ақпан, 2017, 20:21

    Ана тилин ды әрине колдаймын жәнеде Петропавл Павлодар қалалардың атын қазақша атауы керек жәнеде сол аймақтардағы қазақтың саны көбею керек сол кезде тиль мәселесі шешімін табады

    Жауап жазу
  41. Арман 28 Ақпан, 2017, 12:36

    Керемет. Толықтай қолдаймын. Өз елімізде өз тілімізде сөйлеуге қорықамыз ұлтшыл деп бəле жаппасын деп. Еш елде бөтен тілде сөйлемедің деп айыптпамайды. Өз тілімізде сөйлеп өз дінімізден ұялмай өз көзқарасымызды жасырмай жеткізе білейік ағайын. Бірақ өз еліміздің өзге ұлттарына отандастарымыз бауырларымыз деп қарау керек деп ойлаймын.

    Жауап жазу
  42. Meirim 28 Ақпан, 2017, 16:56

    Oi Kazagimai hiyaldamandar 1 oristin janinda 7 kazah tursada orissha jagatsi jarisa souleitin jagimpazdar jeterlik,Kokshetauda hai memelekettik mekemege barip Kazahsha soilesen uiatha halasin,adam emes an korgen dei boladi.Men shett memleketten kelsemde tilge hatti janim ashidi.Kazahaha emes kerisinshe orisha uirenip ketkendei bop jurmiz.Til maselesin holga alu kerek agayin

    Жауап жазу
  43. Жарқынбек 2 Наурыз, 2017, 00:23

    Қазақ жерінде қазақ тілі сайрап жатса екен, анда-санда қалаға шығып қалсақ болды бәрі орыстың баласы сияқты орысша сөйлейді қазақтың мінездеріде өзгеріп кеткен түсінбейсің

    Жауап жазу
  44. Жарқынбек 2 Наурыз, 2017, 00:24

    Қазақ жерінде қазақ тілі сайрап жатса екен, анда-санда қалаға шығып қалсақ болды бәрі орыстың баласы сияқты орысша сөйлейді қазақтың мінездеріде өзгеріп кеткен түсінбейсің :shoshu:

    Жауап жазу
  45. Мәди Ислам 25 Қыркүйек, 2017, 11:22

    Өте дұрыс, сауатты жазылған мақаланы бәріміз қолдаймыз

    Жауап жазу
  46. Марғұлан Бәли 25 Қыркүйек, 2017, 13:51

    Еңбек келісім\шарттары, банк несие шарттары, т.б. заңды құқықтық шарттар екі тілде жасалса да, баптарының орындалуында түсініспеушілік туындаған жайттарда, орыс тіліндегі нұсқа басымдылық көрсетеді деп бақырайтып жазып қойған. Масқара емес пе? Сол мекеме орысқұл заңгерлерінің қолынан шығады. Қаны қайнап тұрса да, жұмыстан немесе несиеден қағылмау үшін қол қояды қара қазақ.

    Жауап жазу
  47. Ассар 25 Қыркүйек, 2017, 20:46

    Бір ғана мысал. Егер бизнес жасап бір затты сатқан кезде сенің затыңнан сапалы бағасы арзан сондай зат басқа елден келіп жатырса онда сенің затың өтпей керексіз болып қалады. Ол үшін затыңның сапасы көтерліп нарыққа шығып кеткенше сырттан дәл сол заттың кіруіне қатаң тәртіп орнатады. Өзбекстанның машина шығарған кездегі саясаты дәл осы. Сол саясат арқылы олар машиналарын дамытып жатыр. иномарка кірмесін демейді, тек кедендік құжаттар рәсімдеген кезде 2-3 есе қымбатқа түсетін заң қабылдап жіберді. Орыс тіліде бізге сырттан келіп жатқан импорт товар тәрізді. Оған шектеу жасап қатаң заң қабылдамайынша қазақ тілі дамымайды. Екеуі қатар жүріп ірі тілді қазақ тіліміз жеңеді деу бос әурешілік. Ресей сайттарына шектеу жасап ашылмайтын қылып тастау және ресей арналарын жабу керек. Қашан қазақтар қазақ тілін еркін меңгергенше солай жасау керек. Қазақ тілінсіз күн көре алмайтын жағыдайға жетіп сол тілде қазақта орыс еврей бәрі қазақша сайраған кезде аша берсе болады. Түркияда солай, барлық тілге қысым жоқ. Бірақ сол елде тұрамын десең түрік тілін білуің керек. Қазақ пен қазақ бір-бірімен қазақша сөйлессін деп қақсай беру бастықтарға пара алмаңдар деген құр ұранмен тең.

    Жауап жазу
  48. Карла 6 Қараша, 2017, 18:51

    Қазақтар өз тілдеріңде сөйлеңдер! Əйтпесе бəреуге жағымпазданып кететін жаман қасиетіміз бар.Сол жаман əдет қалмай ұлт боп сақталып қалу бір бөлек мəселе!

    Жауап жазу
  49. Нұралы Есен 28 Қараша, 2017, 21:18

    Өзбек ағайндардың 50-70 жылдары кеңінен қолданған тәсілі.

    Жауап жазу
  50. Қолқоюсыз 28 Қараша, 2017, 21:39

    ҚАЙ ТІЛГЕ БОЛСА ДА, ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕ ЖАУАП БЕРСЕҢІЗ – ЗАҢДЫ БОЛАДЫ!

    ӨЙТКЕНІ ПРЕЗИДЕНТТІҢ ӨЗІ ҚОЛ ҚОЙҒАН ЗАҢЫМЫЗДА ОСЫЛАЙ ЖАЗЫЛҒАН. Ол үшін Сізді ЕШКІМ ЖҰМЫСТАН ШЫҒАРА АЛМАЙДЫ.

    Тіл туралы заңда ең жоғары статус – мемлекеттік тіл статусы. Қазақ тілінің мемлекеттік тіл статусынан жоғары статус болмайды. Сондықтан сауатсыздардың (министр ме, әкім бе, депутат па, сатушы ма, бәрібір) қандай да бір орыс тілінің «мәртебесі» туралы «ережелері» МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІҢ қасында бос сөз болып табылады!

    2007 жылы Мәжіліс депутаты ақын Мұхтар Шаханов бастаған бір топ депутаттың: «Конституция бойынша орыс тілі мемлекеттік тілмен бірдей болып табыла ма?» деген сұрағына Конституциялық Кеңес: » Атазаңның 7- бабы 2-тармағы бойынша «Орыс тілі мемлекеттік тілмен қатар қолданылады»-деген сөз – орыс тіліне мемлекеттік тілмен бірдей статус бермейді.»-деп, Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің 2007 ж. 23 ақпандағы № 3 қосымша қаулысымен жауап берген.

    «Қазақ тілі дамымайды»-деп айқайлап келеcіз, ал Сіз бүгін неге дүкенде сауда жасағанда сатушы өзге ұлт өкілімен қазақ тілінде сөйлеспедіңіз? Орысша сұрақ қойғандарға неге қазақ тілінде жауап бермедіңіз?
    Әлде, ұлттық намысыңыз бен жігер-қайратыңыз студент Дастаннан немесе әйел Рузадан, не болмаса Оралдағы жұмыссыз Нұртайдан кем бе еді?!.

    Жауап жазу
  51. Еркін Рақыш 29 Қараша, 2017, 01:15

    Қазыбек Исаның жоғарыдағы мақаласының тіл жайлы бұған дейін жазылған мыңдаған мақалалардан артықшылығы мен құндылығы – сөзден іске көшудің уақыты келгенің дəлелдеп көрсетіп беруінде. Шынында да, сөзден іске көшетін кез келді. Ол үшін осы мақаланы негізге алып, қысқартып, үндеу ретінде жазып, əр қазаққа жеткізу керек деп ойлаймын. (Толық нұсқасына сілтеме жасап). Оны таратудың жоспарын жасап, оның орындалуына ықпал ететін
    жұмысшы тобы құрылса. Сөйтіп тілімізді тұғырына қондыруға бүкіл қоғам болып атсалысса. Ол кезде тілінің болашағы тікелей өзіне қатысы бар екенің түсінген əр азаматтың санасы оянып, рухы көтерілері анық. Ондай қоғамның болашағына алаңдамаса да болады.

    Жауап жазу
  52. асан 30 Қараша, 2017, 23:37

    мен осыған қосар едім бәрлық документацияны қазақша істеу керек

    Жауап жазу

Пікір жазу

Сіз не дейсіз?
*