Азат Перуашев: Ұлттық қорға қол сұға бермейік

569347c9e4702pensia «Ақ жол» партиясының төрағасы, ҚР Мәжіліс депутаты Азат Перуашев ҚР Ұлттық қорынан қаражаттың тым көп жұмсалатанын сынға алды, - деп хабарлады kaz.tengrinews.kz тілшісі. Мәжіліс депутаты Азат Перуашевтың айтуынша, Ұлттық Қордың үш жылға арналған болжамы бойынша, Ұлттық Қордағы қаражат 9,5 миллиард долларға дейін қысқарады. Сонымен қатар, мәжілісмен қордағы инвести­циялық табыстың 712 миллиард теңгеден 686 миллиард теңгеге дейін, яғни 16 пайызға азаюы мүмкін екенін айтып өтті. «Ұлттық Қорға қаражат тек теңгемен салынбайды, бұл дегеніміз қордағы ақшаның әлі де біраз азаятынын білдіреді. Мемлекет басшысы негізгі екі мәселені шешу үшін Ұлттық қорды құрды: дағдарыс кезінде экономикалық жағдайды тұрақтандыру мен болашақ ұрпақ үшін ақша жинау. Бастапқыда бұл қордағы қаражат 2007-2009 жылдардағы дағдарыс кезінде жұмсалды. Бірақ уақыт өте келе Ұлттық қордағы қаражат бюджетті толтыру үшін қажетті кезде ала салатын қаражат көзі болды», - деді мәжілісмен. Сондай-ақ, Азат Перуашев былай жалғаса берсе, Ұлттық Қордағы қаражаттың жетпей қалуы мүмкін екенін айтты. «Экономикамызды дамытудың орнына біз өзімізге емес, болашақ ұрпағымызға тиесілі ақшаны жеп жатырмыз. Біз инвестициялық табысты көбейтудің орнына, қорда қалған ақшаларды есепсіз жұмсап жатырмыз. Бірақ бұл жағдай әрі қарай жалғаса бермеуі керек. Осы қалыппен жүре берсек, күндердің бір күнінде қордың өзі болашақ ұрпақ емес, біздің өзімізге жетпей қалуы мүмкін», - деді депутат. qazaquni.kz