Джеки Чан "Оскар" сыйлығын иеленді (ФОТО)

62 жастағы танымал актер Джеки Чан кинематографиядағы сүбелі үлесі үшін "Оскар" сыйлығын иеленді. Бұл туралы америкалық киноакадемияның Twitter парақшасына сілтеме жасап NUR.KZ порталы хабарлайды.

Джеки Чан "Оскар" сыйлығын иеленді

ДЖЕКИ ЧАН МЕН СИЛЬВЕСТР СТАЛЛОНЕ. ФОТО VARIETY.COM

Марапаттау рәсімі Лос-Анджелесте 12 қараша күні өткен.

View image on Twitter

Чанға "Оскар" берілетіні қыркүйек айында белгілі болды.

«Бұл - арман. Киноиндустриядағы 50 жыл, 200 фильм мен көптеген сынған сүйектерден кейін, ақыры оған қолым жетті. Голливуд, рақмет. Көп жылдар ішінде сен мені көптеген дүниеге үйретіп, сәл танымал еттің. Бүкіл әлем бойынша табынушыларым маған фильм түсіруді жалғастыруға, терезеден секіріп, сүйегімді сындыруға күш береді», — дейді актер марапаттау кезінде. Бұл туралы Variety жазды.

Чан алғаш рет "Оскарды" 23 жыл бұрын Сталлонеге қонаққа барғанда қолына ұстап көргенін есіне алды.

"Мен ұстап көрдім, сүйдім, иіскеп көрдім. Ондағы саусақ іздерім әлі қалғанына сенімдімін. Сол кезде оның менде де болғанын қатты қалайтынымды түсіндім", - дейді актер.

Джеки Чан "Оскар" сыйлығын иеленді