Валюта бағамы USD: 312.76 | EUR: 331.08 | CNY: 45.53

«Қазақ Үні» – қазақ тілін және ұлттық құндылықтарды насихаттаушы үздік сайт деп танылды

4 қараша күні «Назарбаев орталығында» Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы Қорының Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25-жылдығына орай өткізген үздік қазақтілді интернет-сайт байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті.

14958753_1677185055926349_910850916_n

Байқау мақсаты – интернет жүйесіндегі үздік қазақтілді  ресурстарды анықтау мен насихаттауға, ақпараттық ресурстар мен сервистердің саны мен сапасын арттыруға, желі қолданушыларының қызығушылығын ұлғайтуға, ақпарат кеңістігінде қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейтуге және үздіктердің танымалдылығын көтеруге ықпал ету.

Сыйлық құрылтайшысы — Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы Қоры. Байқау өткізудегі серіктесі мен ұйымдастырушы – Мемлекеттік тілді дамыту қоры.

1111

Байқауға ғаламтор кеңістігіндегі тәжірибесі кемінде бір жылды құрайтын, тек қазақ тілінде ақпарат тарататын үкіметтік емес, тәуелсіз қоғамдық сайттар қатысты. Қазылар алқасы сайттарды мазмұны, қызмет бағыты, интерактивтілігі, қазақ тілі мен ұлттық құндылықтардың дәріптелуі, патриоттық тақырыптардың үздіксіз көтерілуі, көркемдік жағы, идея ерекшелігі, тартымдылығы секілді талаптар бойынша саралады.

Байқауға республиканың барлық аймақтарынан 30-дан астам өтінім түсіп, байқау комиссиясы 7 аталым бойынша жеңімпаздарды анықтады.

Аталмыш байқаудың «Өткір тіл» — қазақ тілін және ұлттық құндылықтарды насихаттаушы үздік сайт аталымы бойынша www.qazaquni.kz порталы жеңімпаз деп танылды. Ұлт мүддесі жолында талмай еңбек етіп, мемлекеттік тіл мәртебесін асқақтатуға өзіндік үлес қосып жүрген порталымыздың бұл жетістігі барша ұлтжанды ағайынның жеңісі деп білеміз. «Қазақ Үні» ұлттық порталын жеңімпаз деп тану – қазақ ұлтының мүддесі мен мемлекеттік тіл мәртебесіне көңіл бөлу деп ойлаймыз.

Сыйлықты ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты, экономика комитеті төрағасы Нұртай Сабильянов тапсырды. Өз сөзінде Нұртай Салихұлы «Мен Қазақстанда қазақ тіліне шынайы жаны ашитын екі-ақ адамды білемін. Соның біріншісі – Қазыбек Иса. «Қазақ Үні» ұлттық порталы да, газеті де бүгінде барша қазақтың мұңын мұңдап, жоғын жоқтайтын қазақтілді ірі басылымға айналды. Ал, екіншісі – Керекудегі мемлекеттік тілдің өлімші халімен арпалысып, қазақ тілінің тазалығын трамвайдың алдына тұрып талап еткен Руза Бейсенбайтегі» деп атап өтті.  Өз кезегінде Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы Қоры мен Мемлекеттік тілді дамыту қорына, қазылар алқасына   алғыс айтқан ақын, Халықаралық Алаш сыйлығының лауреаты, Халықаралық Сергей Есенин атыдағы сыйлық иегері, «Ақ жол» партиясы төрағасының орынбасары, «Қазақ үні» ЖШС президенті  Қазыбек Иса  порталдың бас редакторы ретінде дарынды жас ақын Азамат Тасқараұлын таныстырып, ризашылығын білдірді.

Еңбегімізді бағалап, елеп-ескеріп жатқан ұйымдастырушыларға,  Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы Қорына порталымыздың ұжымы атынан зор алғыс айтамыз.

qazaquni.kz



22 пікір жазылған

Пікір жазу
  1. алашордалық 6 Қараша, 2016, 09:43

    Ақорданың «қазақ үні»сайтын мойындағаны қазақ ұлтын мойындағаны ғой Бұл «нұрлышалдың»алаштың алдында кері шегінгені деп түсінуіміз қажет Халқым дұшпанымызға өстіп сес көрсетіп қояйық біліп жүрсін кім екенімізді

    Жауап жазу
  2. мәди 9 Қараша, 2016, 21:32

    «Қазақ Үні» – қазақ тілін және ұлттық құндылықтарды насихаттаушы үздік сайт деп танылды.
    4 қараша күні «Назарбаев орталығында» Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы Қорының Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25-жылдығына орай өткізген үздік қазақтілді интернет-сайт байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті.
    http://www.qazaquni.kz/2016/11/04/60219.html

    Жауап жазу
  3. Махамбет 10 Қараша, 2016, 18:44

    «Қазақ Үні» – қазақ тілін және ұлттық құндылықтарды насихаттаушы үздік сайт деп танылды.
    «Назарбаев орталығында» Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы Қорының Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25-жылдығына орай өткізген үздік қазақтілді интернет-сайт байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті.
    http://www.qazaquni.kz/2016/11/04/60219.html

    Жауап жазу
  4. Мақсат 10 Қараша, 2016, 18:52

    «Қазақ үні» -қазір бар қазақтың үні болып отыры. Мұны, басқа басылымдар, сайттар, бәріміз мойындауымыз керек!

    Жауап жазу
  5. Сәкен 10 Қараша, 2016, 18:53

    Ел қазір мұңын айтар болса, «Қазақ үніне» хабарласатын болды.

    Жауап жазу
  6. Кемел 10 Қараша, 2016, 18:55

    «Ақ жолдың» ұлттық мүддеде істеп жатқан іргелі істерін, Алаш аманатын орындап жатқан игі шараларын елге айқын танытқан осы «Қазақ үні»!

    Жауап жазу
  7. Алмат 10 Қараша, 2016, 18:59

    «Қазақ үніне» де «Ақ жол» қолдау көрсетіп, Азат Перуашев азаматтық танытуда. Қазақтың мұңын жырлаған «Қазақ үніне» қолдау жасағаны үшін Ақ жолға алғыс айтуға болады.

    Жауап жазу
  8. Әзімбай 10 Қараша, 2016, 19:01

    Коммент жазған «алашордалықтың» елдік тұрғысынан жасалып жатқан Елбасы қорының «Қазақ үнін» ең үздік сайт деп жеңімпаз етуін басқаша пайымдауын түсінбеймін. Осылай біріккенде ғана ұлт мүддесі орындалады емес пе?

    Жауап жазу
  9. Көкбөрі 10 Қараша, 2016, 19:04

    «Қазақ үнін» жеңімпаз деп тану- Қазақтың үніне, мұңына, жырына. мүддесіне биліктің көңіл аудара бастауы! бұл ендеше бәріміздің жеңісіміз!

    Жауап жазу
  10. Сая 10 Қараша, 2016, 19:05

    Иә, билік те бірдемені біле бастаған секілді! «Қазақ үні» – қазір қоғамдық-саяси өмірдегі нөмірі бірінші сайт!

    Жауап жазу
  11. Секен 10 Қараша, 2016, 19:16

    «Қазақ Үні» – қазақ тілін және ұлттық құндылықтарды насихаттаушы үздік сайт деп танылды
    «Назарбаев орталығында» Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы Қорының Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25-жылдығына орай өткізген үздік қазақтілді интернет-сайт байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті.
    http://www.qazaquni.kz/2016/11/04/60219.html

    Жауап жазу
  12. Сейіт 10 Қараша, 2016, 19:17

    «Қазақ Үні» – қазақ тілін және ұлттық құндылықтарды насихаттаушы үздік сайт деп танылды.
    «Назарбаев орталығында» Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы Қорының Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25-жылдығына орай өткізген үздік қазақтілді интернет-сайт байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті.

    Жауап жазу
  13. Кәмшат 10 Қараша, 2016, 19:51

    Нұртай Сабилияновқа да рахмет, «Қазақ үнін» бағалап, жеңімпаз деп тануға үлес қосып, қазақ тілі үшін күресіп жүргендерді құрметтеп отырған. Халық депутаты осылай болуы керек»

    Жауап жазу
  14. Мәди 10 Қараша, 2016, 19:53

    Қазақтың мұңын мұңдап келе жатқан «Қазақ үніне» қазақтың бәрі қолдау көрсетуі тиіс!

    Жауап жазу
  15. Махамбет 10 Қараша, 2016, 19:59

    Өзіміз ұлт мүддесі жолында қиындыққа , кедергіге ұшырасақ ең алдымен осы кісі есімізге түсіп, Қазекеңе звандаймыз! Алла разы болсын!

    Жауап жазу
  16. Меруерт 12 Қараша, 2016, 02:22

    «Ақ жол» қазір «Қазақ үні» газетіне емес, «Қазақ үні» порталына көмектесетін болуы керек…

    Жауап жазу
  17. admin Author 16 Қараша, 2016, 14:10

    «Қазақ Үні» – қазақ тілін және ұлттық құндылықтарды насихаттаушы үздік сайт деп танылды
    http://www.qazaquni.kz/2016/11/04/60219.html

    Жауап жазу
  18. Махамбет 16 Қараша, 2016, 14:15

    Билік неге «Қазақ үнін» бағалап қалды десем, қазылар құрамында халықшыл депутат Нұртай аға бар екен ғой.

    Жауап жазу
  19. Сәду 16 Қараша, 2016, 14:16

    Жеңімпаз атанғандарыңыз құтты болсын, «Қазақ үні»

    Жауап жазу
  20. Марзия 21 Қараша, 2016, 12:10

    Бүгінгі таңда «Қазақ үні» қазақ тілді оқырман тұшынып оқитын бірден-бір қазақ тілді сайт. Еңбектеріңіз жемісті болсын. Жеңіс құтты болсын!

    Жауап жазу
  21. КЕЛДІБЕК 11 Желтоқсан, 2016, 19:19

    ҚҰТТЫ БОЛСЫН!!! ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ МӘРТЕБЕСІ АРТА БЕРСІН! АЛЛА СІЗГЕ ҒҰМЫР БЕРСІН, ҚАЗЫБЕК МЫРЗА! ҚАЗАҚ ТІЛІНЕ ҚАТЫСТЫ МӘСЕЛЕ БОЛМАУ КЕРЕК ЕНДІГІ ЖЕРДЕ. БОЛДЫРМАУ ДА КЕРЕК. БӘРІ ӨЗ ҚОЛЫМЫЗДА. :unatu:

    Жауап жазу
  22. Қазыбек Иса 29 Қаңтар, 2017, 13:20

    Рахмет, Келдібек мырза! » ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ МӘРТЕБЕСІ АРТА БЕРСІН! АЛЛА СІЗГЕ ҒҰМЫР БЕРСІН, ҚАЗЫБЕК МЫРЗА! ҚАЗАҚ ТІЛІНЕ ҚАТЫСТЫ МӘСЕЛЕ БОЛМАУ КЕРЕК ЕНДІГІ ЖЕРДЕ. БОЛДЫРМАУ ДА КЕРЕК. БӘРІ ӨЗ ҚОЛЫМЫЗДА.»-деген пікіріңізге 100 пайыз қосылып, қолдаймын. Алла жар болсын!

    Жауап жазу

Пікір жазу

Сіз не дейсіз?
*

 aaa aaa aaa aaa aaa aaa aaa aaa aaa aaa Көңіл күй бейнелер авторы: IMKAZ.kz.