Тоқаев еліміздің ағылшын тіліндегі атауын Qazaqstan деп өзгертуді ұсынды

Парламент сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан» сөзінің ағылшын тілінде дұрыс жазылуы мәселесін көтерді деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Тоқаев еліміздің ағылшын тіліндегі атауын Qazaqstan деп өзгертуді ұсындыДепутат аталмыш тілде еліміздің атауын жазғанда ағылшын әліпбиіндегі «Qq» (кью) әрпін пайдалану жөн деп санайды.

«KAZAKHSTAN-нан гөрі ағылшын тілінде QAZAQSTAN еліміздің ұлттық негізін дұрыс көрсетпек», - деп жазды Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter әлеуметтік желісіндегі өзінің парақшасында.

Еске сала кетейік, бұған дейін "Қазақ Үні" ұлттық порталы белгілі ақын Қазыбек Исаның "QAZKOM  ҚАТЕСІН ТҮЗЕДІ  – KAZAKHSTAN ҚАШАН ТҮЗЕЙДІ?!." атты мақаласын жариялап, онда жоғарыда аталған мәселені алғаш талқыға салған болатын. "Ел атындағы ширек ғасырлық ҚАТЕ биылғы Тәуелсіздіктің 25 жылдық мерейтойында түзелсе, ең үлкен тарту болар еді… Біз ата-бабамыз өмір бойы армандап өткен Тәуелсіздікке қол жеткізгесін – Біріккен Ұлттар Ұйымына осы қате жазумен тіркелдік. Ал негізі дұрысы, қазақшасы – QAZAQSTAN болуы керек!  Бұл туралы біз «Қазақ үні» газетінде талайдан бері жазып келеміз", - деп жазды автор өз мақаласында.