Біздің орыстілділер цифр танымайды - Дос Көшім

Картинки по запросу дос көшім Белгілі журналист Дәурен Қуат Фейсбуктегі парақшасына қызықты жазба жариялады. Онда белгілі саясаткер Дос Көшімнің тауып айтқан сөзі келтірілген. Журналистің жазбасын қаз-қалпында ұсынып отырмыз.

Өткенде Дос Көшім ағамыз бен бір түрік азаматының арасындағы төмендегідей аз-кем сұхабатқа куә болып едім. Соны, тележурналистердің тілімен айтқанда, сіздермен бөлісейін деп отырмын.

Түрік азаматы:

- Қазақ теңгесінің бетіндегі жазу неге екі тілде? «Бес мың теңге» деген соң оның қасына «Пять тысяч» деп жазудың қаншалықты қажеті бар?

Дос Көшім:

- Қажет. Себебі, біздің орыстілділер цифр танымайды.

Түрік азаматы:

- Көше атауларының екі тілде жазылуы не үшін керек?

Дос Көшім:

- Керек. Себебі, орысша жазылмаса, біздің орыстілділер адасып кетеді.

                                                                                                                                          Дәурен Қуат