М. Тоқашбаев: Ұлт мүддесін ту еткендер тырнақ астынан кір іздемеу керек

Картинки по запросу тайжан мен геройхан

Мұхтар Тайжан мен Геройхан Қыстаубаев арасындағы дау, әлдебір дебат мүлде қажетсіз деп ойлаймын. Танығаным болмаса екеуімен де өмірі жақын араласып көрмеппін. Тек үлкендік жолымен інілеріме тоқтау салғым келеді. Дебат екеуіне немесе отқа май құюшыларға керек болса да қазақ халқы үшін қажеті жоқ. Ұлт үшін қызмет етуді мақсат еткен жігіттер бір бірінің тырнағы астынан кір іздеуі мүлде жараспайды. Сүйікті Пайғамбарымыз (с.ғ.с): «Адамның айыбын шыжғырып бетіне баспа» деген. Күнәсіз пенде жоқ. Қаза берсе әркімнен-ақ бір пендешілік табылады.

Дебатта жеңімпаз болмайтыны анық, ол тек араны аша түседі. «Жеңдім» деген адамның өзі іштей күйзеліске түседі. Бұл Ұлт мүддесін ту еткендерге үлкен соққы. Кешегі алашордашылар қатарында да бір-бірін жақтырмайтын адамдар болған, бірақ олар да бір бірін кешіріп, ортақ мүдде үшін біріге білді емес пе! Сондықтан біздер де күрескер аталарымыз тәрізді кешірімді болайық.

Алланың Елшісі (с.ғ.с.) тағы бір хадисінде дауласып қалған екі адамның өліп-өшіп өзінікін дәлелдегені емес, кім бұрын кешірім сұраса соныкі дұрыс болатындығын айтқан.

«Найза ұстаған жауға кезігеді, сөзді қуған дауға кезігеді» деген. Бұл дауда жеңілетін тек қазақ халқы ғана. Мен Мұхтар мен Геройхан інілерімді дебатқа емес, тура сол дебат өтетін уақытта 28-қыркүйек, сәрсенбі күні сағат 11-де «Санжак» (Жібек жолы мен Бұзырбаев көшелерінің қиылысы) ресторанында татуласу дастарханына шақырамын. «Қамшыларыңызды» қалдырып, ашық жүзбен келіңіздер!? Бізге жеке бастың намысынан гөрі ұлттың намысы қымбат. Айналайын, алтын інілерім, «Қазағым» деген қасиетті дастархан басында бас қосайық!

Марат Тоқашбаев,

Фейсбук парақшасынан алынды