Астаналық әйел күйеуінің ашынасының суретін әлеуметтік желіге жариялады

Астаналық Жұмагүл Омарова есімді әйел Фейсбуктегі жеке парақшасына күйеуінің ашынасының суретін жариялады, деп хабарлайды Caravan.kz тілшісі. Ол бұл қыздың тіпті қымсынбайтынын айтқан.

“Мына қыздың аты Ақбота. Астанада тұрады. Менің күйеуіммен, үш баланың әкесімен көзімді бақырайтып қойып жүреді. Оны жігіті екіқабат қылып тастап кеткен. Сосын ол күйеуіме дуа жасап, басын айналдырып алды. Барып тұрған ұятсыз. Тіпті әйелі бар екеніне де қарамайды. “Төсекте менің жасағанымды кез-келген мұсылман әйел жасай алмайды” дейді” деп жазыпты Ж.Омарова.