Баян Есентаеваның көңілдесі мұнай магнаты Ибрагим Акдрашев па?!.

Әлеуметтік желіде Баян Есентаеваға қатысты тағы бір шу шықты. Фейсбук қолданушысы Ринат Бектасұлы танымал жұлдызға қатысты бір ақпаратпен бөлісті, – деп хабарлайды juldizdar.kz порталының тілшісі. 

Қолданушы қазіргі таңда қамауда отырған Бақытбек Есентаевтің қолында әйелінің оның көзіне шөп салғанын дәлелдейтін айғақтар бар деп жазды. Тіпті, Есентаев өз әйелін арнайы бір адамға аңдытқаны туралы да айтқан.

Аталмыш жазбада, Баян Есентаеваның көңілдесі деп Атыраудың мұнай магнаты, олигарх Ибрагим Акдрашевтің есімі аталды.

Ибрагим Акдрашев

Атап өтейік, Ибрагим Акдрашев “НефтеСтройСервис ЛТД” компаниялар тобының қожайыны болып табылады. Желі қолданушысының айтуынша, Баян Есентаеваның барлық жобаларына ақшаны осы олигарх берген-мыс.

juldizdar.kz