Өзбекстанда болашақ тақ иегері болуы мүмкін есімдер атала бастады

Өзбекстанда болашақ тақ иегері болуы мүмкін есімдер атала бастады. Олардың арасында елдің премьер-министрі мен сенат басшысы және Ислам Каримовтың кіші қызы да бар деп хабарлайды КТК арнасы.

Картинки по запросу лола каримова

Өзбектің белгілі саяси сарапшылары қазірдің өзінде ел тұтқасын ұстайтын бірқатар есімдерді атап қойды. Ең алдымен өзбек басшысының кіші қызы Лола Каримованың аты аталып отыр. Өйткені, Ташкенттегі Оксарай резиденциясында өткен бір жиында Ислам Каримовтың өзі Лоланы ізбасар еткісі келетінін мәлімдепті-мыс.

Одан бөлек, саяси салмағы жөнінен үкімет басшысы Шавкат Мирзяевтің аты озып тұр. Ол 2003 жылы президент Каримовтың ұсынысымен премьерлікке келген болатын. Алайда заң бойынша сенат төрағасы Нигматулла Юлдашевтың да президент болу мүмкіндігі бар.

Ал өткен сенбі күні ауруханаға жеткізілген президент Ислам Каримовтың хал-жағдайы алдағы бес күн ішінде жария етілмек.

Еске сала кетсек, өзбекстандық БАҚ Ислам Каримовтың қайтыс болғаны жайлы ақпарат таратқан болатын. Ал әзірге ресми билік Өзбекстан көшбасшысының қаза болғаны жайлы хабарды жоққа шығаруда.