Н. Назарбаев: Жерді жалға беруге мораторий 2-3 жылдан кейін алынып тасталуы мүмкін

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев жерді жалға беруге қатысты мораторийді 5 жылға созды. Бұл туралы "Қазақстан жаңалықтарына" сілтеме жасап NUR.KZ порталы хабарлайды.

[caption id="" align="alignnone" width="2500"] Көрнекі сурет: www.akorda.kz[/caption]
Бұл шешімін президент Ақордада бейсенбі күні мәлімдеді.

"Мен комиссияның мораторийді бес жылға созу шешімін қабылдадым. Бәлкім ол 2-3 жылдан кейін алынып тасталады. Кей тұстарда пилоттық жобаны жүзеге асырып, нақты нәтижесін көрсету де керек шығар?", - дейді елбасы.

Ол бұл тұрғыда халықаралық тәжірибені зерттеу керектігін алға тартты.

"Фантомдық қорқыныштарды жою керек. Ал мұны тек халыққа жан-жақты түсіндіре отырып қана жүзеге асыра аламыз... Әлемдік тәжірибені тағы бір зерттеп шығу қажет. Тұрғындарға білікті түсіндіру қосымша уақытты талап етеді", - дейді Назарбаев.

Еске салсақ, жер комиссиясы жерді жалға беруге қатысты мораторийді 5 жылға ұзарту туралы ұсынысты мемлекет басшысының қарауына берген болатын.