"ҚАЗАҚ ҮНІ" - ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҮЗДІК ИНТЕРНЕТ САЙТ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ!!!

ҚАРҚАРА КӨТЕРІЛІСІ. ЕРЕУІЛ ТӨБЕ

Қазыбек-Қарқара-Ереуіл 2

Тәуелсіз ел, алған ба тұзақ байлап,

Ұлтшыл біткен, шығамыз біз-ақ қайнап…

Амангелді батыр боп атысқан ек,

Ұзақ батыр секілді ұзақты ойлап…

Қарсы шыққан патшаға күнді атамай,

Қалтыраймыз, қона алмай  жүз атқа ойнап…

 

Біздер күткен атады таңдар алда,

Тұяқ серпи алмаса, мал болар ма?

Ұлт азаттық дегеннен шошитындай,

Ұлт азаттық әлі де ел алмаған ба?

 

Патшаға бас ұрмайтын ұлдар қорған,

Болған елге қол бұлғар жылдар да алдан!

«Барлығы өлер – бала өлсе»,-  деп бабалар

«Шал өлсін»- деп шайқаста құрбан болған!

 

Тұтпайды ма,  Торғай да аза мұны,

Найзасы жоқ намыскер жазады ұлы!

Хан Тәңірі Алашқа  сауын айтып,

Қарқарадан естілді Қазақ үні!

 

Құлдық құлық – іздемей  ізден ақпар,

Аттанамыз!

Дайын тұр  бізге де аттар!

Желтоқсанда өртеніп жастарымыз

Мұзқамалды құлатты мұзбалақтар!

 

Өз елінде өз тілім өгей міне,

Тілсіз елді тірі жан елейді ме?

100 жыл өтті! –

Тәуелсіз елге айналдық,

Азайды ма, қорлығым, көбейді ме?!.

 

Елді сақтап қалатын ерлік ұғым,

Ұран салар ел үшін келді күнің.

Ерімізді қорғаған Ер Қазағым,

Жерімізді қорғауда енді бүгін!

 

Жат тілде өссе – жақын ба  жаттан  олар,

Балық бастан шірісе, бақ па болар?

Атын дұрыс жаза алмай жатқан елде,

Аттан десе, қайда ұрпақ Атқа қонар!

 

16-ның өшпеген ұшқындары,

86- жалын боп қыстың кәрі..

Мұз үстінде алаулап ұшқындады.

Тасқамалды қиратты күштің бәрі!!!

 

Жүз жылдан соң – не деген бөгет көп бұл?..

Енді тағы- 16!

Себеп те өткір!

Жермен бірге Ел сатар елірме көп…

Еліме бір Ереуіл керек боп тұр!

 

Тұлпарымен жайлаған ен ғаламды,

Әлем түгел біледі Ер бабамды!

Әр қадамын қорғайды әрбір қазақ,

Мен ешкімге бермеймін кең даламды!

Қазыбек ИСА

qazaquni.kz

қарқара 2016

 

Қазыбек-Қарқара-Ереуіл 3

 

Қазыбек-Қарқара-Ереуіл 4

 

Қазыбек-Қарқара-Ереуіл 5





2 пікір жазылған

Пікір жазу
  1. Руза 1 Тамыз, 2016, 12:33

    Батыр бауырым, ақын бауырым! Жерді не де болса, қалай да болса қорғап қалуымыз керек, ешкімге сатылмауынан, шетелдіктерге берілмеуінен! Латифундистердің жерлері міндетті түрде қайтарылуы керек! Бұл, басты шарттарда еш компромис болмауы керек! Біз, қазақтар, ғасырлар бойы ұрпақтан-ұрпаққа аманат еткізіліп отырған жерімізден, мемлекетіміздің территориясынан айырылатын болсақ, онда ұлт ретінде жойыламыз. Құнымыз көк тиын. Сондықтан, барша қазаққа, жерін, елін, тілін, тарихын сақтау үшін жан алысып жан берісіп қарсы тұратын күн жетті. Компромисті тек майда-шүйдеде, не мораторийді 10нан кем емес жылға созуда қабалдаймыз!

    Жауап жазу
  2. Ереуілтөбе қариясы 7 Желтоқсан, 2017, 17:19

    Мен сол ауылда тудым қазір 40 жылдан кейін қайта келдім маған қолында темір іздегіштер келіп сол маңнан тиын тебен мүмкін алтын теңгелерде бар шығар жинап алып кетеді бұл сұмдықты мен лауазым иелеірне айтсам олар недеді сенде ізде дегенге сүйейді елім ау ол біздің аталарымыздың ізі қалған жер ол жерге арнайы үкіметтен адамдар жіберіп тексертіп Ереуілдегі мұражайға қалтыратын тетік ойау керек біз үшін ол тарих келешек үшін ол үлкен қазына ойланайық

    Жауап жазу

Пікір жазу

Сіз не дейсіз?
*