Сафар Шәкеевтің мәйіті Есентай өзенінен табылды (фото)

16 шілде күні жоғалып кеткен танымал композитор Еркеш Шәкеевтің ұлы Сафар Шәкеев бүгін Есентай өзенінен табылды. NUR.KZ тілшісі оқиға орнынан түсірген суреттерді назарларыңызға ұсынамыз.

Сафар Шәкеевтің мәйітін Есентай өзенінен қалай шығарды? (фото)ФОТО NUR.KZ

Сафар Шәкеев тірі болғанда 2 қыркүйек күні 25 жасқа толар еді.

Сафар Шәкеевтің мәйітін Есентай өзенінен қалай шығарды? (фото)ФОТО NUR.KZ

Куәгерлердің айтуынша, мәйітті сағат 11.00 шамасында әл-Фараби даңғылындағы "Есентай Моллдың" жанындағы өзеннен байқаған. Осыдан кейін мәйіт төмен қарай ағып кеткен.

Сафар Шәкеевтің мәйітін Есентай өзенінен қалай шығарды? (фото)ФОТО NUR.KZ

Біруақытта ҚазҰУ маңында мәйітті жоғалтып алып, кейін оны Тимирязев көшесінің төменгі жағынан тапқан. Сол арада қалалық ІІД-нің баспасөз хатшылығы бұл ақпаратты жоққа шығарып, марқұмның денесін бастапқыда табылған жерден шығарып алғанын хабарлады.

Сафар Шәкеевтің мәйітін Есентай өзенінен қалай шығарды? (фото)ФОТО NUR.KZ

Мәйіт өзеннен шығарылғаннан кейін, оның қалтасынан кім екенін айқындайтын құжаттары табылды.

Сафар Шәкеевтің мәйітін Есентай өзенінен қалай шығарды? (фото)ФОТО NUR.KZ
Сафар Шәкеевтің мәйітін Есентай өзенінен қалай шығарды? (фото)ФОТО NUR.KZ

Еске сала кетсек, 1991 жылы туған Сафар Шәкеевтің із-түссіз жоғалғаны жайлы арыз 16 шілде күні кешке 22:0-де Медеу аудандық Ішкі істер басқармасына келіп түскен еді. Содан бері белгілі композитор Еркеш Шәкеевтің ұлы Сафар Шәкеевті іздеу шарасына 170-тен астам адам қатысты.