МҰХТАР ШАХАНОВ: Еліміздің үлкен ұрылары жағдайларын жақсы қарастырған екен (ВИДЕО)

Видео Мұхтар Тайжанның facebook парақшасынан алынды Жер реформасы жөніндегі комиссияның кезекті отырысы Атырауда өтіп жатыр.

Отырыс барысында ақын, қоғам қайраткері Мұхтар Шаханов жер үшін алаңға шыққан Макс Боқаев пен Талғат Аянды босатуды талап ететіндерін айтты. Сондай-ақ, Шаханов ірі жер иеленуші азаматтар туралы мәлімет мемлекеттік құпия екенін, оны ірі жер иеленушілердің келісімінсіз жариялауға болмайды деген заң бар екенін айта келіп, ондай заңды бәріміз бірлесіп "о дүниеге аттандыруымыз керек, әйтпесе, жер мәселесі ешқашан шешілмейді" деді.

Дайындаған - Нұра Матай Abai.kz