Алматыда теракт кезінде жараланған тағы бір полиция қызметкері көз жұмды

18 шілде күні Алматыда болған атыстан тағы бір полиция қызметкері көз жұмды деп хабарлайды қалалық ІІД-ге сілтеме жасаған NUR.KZ.

Алматыда тағы бір полиция қызметкері көз жұмды"2016 жылдың 19 шілдесі күні сағат 13:45-те полиция лейтенанты Тимур Бегасылов жансақтау бөлімінде көз жұмды. 1986 жылы туған Бегасылов Абылай хан даңғылындағы экипаж құрамында қызмет еткен. Ол қылмыскер Күлекбаевтың оғынан ауыр жарақат алған. Ауруханаға полиция қызметкері өте ауыр жағдайда түсті. Дәрігерлер оның өмірі үшін соңына дейін күрескен болатын", - делінген баспасөз хабарламасында.

Полиция лейтенанты Тимур Бегасылов 2015 жылдың қаңтарынан бастап қызмет етіп келеді. 25 шілде күні ол тірі болса 30 жасқа толар еді.

Еске сала кетейік, Алматыдағы атыстан кеше 3 полиция қызметкері қаза тапқан болатын.