Илья Ильин Англияға қоныс аударатын болды

Ауыр атлетикадан екі дүркін олимпиада чемпионы Илья Ильин Олимпиада ойындарына қатыспайтындығы себепті, Англияға аттанады. Бұл туралы КТК телеарнасына оның бапкері хабарлаған.

DSC_0113

Сурет info-tses.kz

Допинг дауымен ұсталған ауыр атлет Илья Ильин Англияға барып білім жетілдірмекші. Спортшы біраз уақыттан бері спорт саласындағы психология мен менеджментті меңгеруге қызығушылық танытып жүр екен. Алайда спортшының бапкері Ержас Болтаев оның нақты қай университетте білім алатынын айтпады.

“20 жылдық спорттық мансабында оның толықтай оқу процесін меңгеруіне мүмкіндік тумады. Енді Илья кемшін тұстарын біліммен толықтыруға ниет танытып отыр. Бірақ, жаттығуларды да тастамайды”, – еді Ержас Болтаев.

Бұған дейін Илья Ильин және тағы қазақстандық үш олимпиада чемпионы допинг қабылдады деген айыппен сайыстардан шеттетілген болатын. Кейінірек мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы Ильяның Рио олимпиадасына қатыспайтындығын да айтқан. Әлі халықаралық федерация бұл мәселе бойынша нақты шешім қабылдамады.

Дереккөз: Stan.kz