Ақтөбе қаласының әкімі ауысты

Қазақстан президенті әкімшілігі және қалалық мәслихат депутаттарының келісімдерімен, аймақ басшысы Бердібек Сапарбаевтың өкімімен Ақтөбе қаласының әкімі болып Испанов Ильяс Сапарбекұлы тағайындалды деп хабарлайды «Ақтөбе ақпарат» орталығы.

Ақтөбе қаласының әкімі ауыстыИЛЬЯС ИСПАНОВ. ФОТО: SUD.GOV.KZ

«Ақтөбе ақпарат» орталығының хабарлауынша, 40 жастағы Ильяс Испанов ҚазМБА жанындағы нарық институты, Лондон экономика және саяси ғылымдар институты, Ресей президенті жанындағы халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясының түлегі. Экономист және Мемлекеттік және муниципалды басқару магистрі мамандықтарын алған.

Еңбек жолын Испанов 1993 жылы «Ақ-Бастау» АБ Сарыағаш филиалының бас есепшісі болып бастап, кейінгі жылдары Қаржы министрлігінің борышкерлермен жұмыс жөніндегі комитетінің төрағасы, Жоғарғы сот жанындағы сот әкімшілігі жөніндегі комитеті төрағасы, Бас прокуратураның Қаржы, ақпараттандыру және ақпараттық ресурстарды қорғау департаментінің басшысы болып қызмет атқарды.

Ақтөбе қаласының әкімі ауыстыФОТО: «АҚТӨБЕ АҚПАРАТ» ОРТАЛЫҒЫНАН АЛЫНДЫ

Ақтөбе қаласы әкімі қызметіне тағайындалғанға дейін Жоғарғы соты соттар қызметтерін қамтамасыз ету жөніндегі департаментіне жетекшілік етті.

Бекбол Сағын өзге жұмысқа ауысуына байланысты қызметінен босатылды.