"ҚАЗАҚ ҮНІ" - ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҮЗДІК ИНТЕРНЕТ САЙТ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ!!!

Төрт аяқты сәби дүниеге келді

rebenok-0002Ақтөбеде төрт аяғы бар бала дүниеге келді. 4 аяқпен туған бала – егіздің сыңары. Ол 23 маусымда туған деп жазады Қазақпарат.

«Диапазон» сайтының хабарлауынша, егіздер мерзімінде туған, ата-аналарының дені сау. Егіз ұлдар ата-аналарының тұңғыштары. Жас келіншек жүктілік кезінде дәрігерлердің қарауында болған. УДЗ-дан ұрықтың аномалиясы бар екені байқалмаған.

Баланың 4 аяғы бар. Жүрек тамырларының дамуында, айналшықта ақау бар. Тік ішегінің орнына аяқ орналасқан. Сенбі күні сәбиге жасалған ота сәтті өткен. Іш босатуы үшін оның ішегін алдыңғы құрсақ қабырғасына шығарған. Себебі баланың табиғи жолмен іш босатуына мүмкіндігі жоқ. Бала қазір реанимацияда. Алда әлі бірнеше ота жасалып, артық аяқтары алынбақ.

Мұндай аномалия облыста бұған дейін болмаған. Мамандардың сөзінше жаңа туған сәбилердің бұл дерті инфекцияға, қан аздыққа, экологияға, сондай-ақ аналарының жүктілік кезінде кейбір дәрі-дәрмектерді қабылдауына байланысты болуы мүмкін. Жас отбасы Ақтөбе қаласына аудан орталығынан көшіп келген.

Ал дүйсенбі күні Ақтөбе қаласының басқа перзентханасында аяқ-қолына қосыла өскен өскіні бар бала дүниеге келген. Қазір сәби тексеруден өткізіліп жатыр. Дәрігерлердің сөзіне сенсек, аталмыш аномалия уақыт өте емделеді. Күні бүгін шұғыл ота жасау қажет емес.

Дерек көзі: Қазақпарат





23 пікір жазылған

Пікір жазу
  1. Тілекші 30 Маусым, 2016, 06:43

    Құдайдан күшті емессің демекші жас сәбиге обал ақ.Ата-анасына Алла сабыр берсін! :oilanu:

    Жауап жазу
  2. Бекзат 30 Маусым, 2016, 11:29

    Бұл Алланысң ата анасына жіберген сынақ оларға Алла сабырлық, жүректеріне иман нұрын хадия етсін. Жəне баласына келешекте оталарында Алланың өзі сəттілігін нəсіп етсін. Жəне дертінің шипасын Алла əсіп етсін. Бұл

    Жауап жазу
  3. Анямау 30 Маусым, 2016, 13:31

    Əмин,айтқаның келсін айналайын.Қандай тамаша сөздер.Бекзат балам айтқандай Алла дертінің шипасын берсін.

    Жауап жазу
  4. Гаухар 30 Маусым, 2016, 16:04

    Ата анасына тек сабыр берсин. Оталары сатти отсин : :zhlau: алла шипасын
    берсин тек

    Жауап жазу
  5. Клара 30 Маусым, 2016, 17:30

    Алла тагала ата анасына сабырлык берсин Баланын саулыгы жаксарып кетсин

    Жауап жазу
  6. Акерке 30 Маусым, 2016, 18:36

    Аллам шипасын берсин булда бир сынак болар

    Жауап жазу
  7. Динара 30 Маусым, 2016, 19:42

    Аллам шипасын берсин!!!

    Жауап жазу
  8. Нұрлыбек 30 Маусым, 2016, 20:56

    Қасиетті Рамазан айында Алла шипасын беріп, ел-жұртын қуантсын.

    Жауап жазу
  9. галия 30 Маусым, 2016, 21:30

    Сабыр беріп, алла шипасы берсін :zhlau:

    Жауап жазу
  10. Гулнар 30 Маусым, 2016, 22:20

    Алла сабыр беріп, шипа болсын!

    Жауап жазу
  11. айгерим 30 Маусым, 2016, 22:52

    и и и жаным суп суйкимди бала.Алла шипасын берсин.

    Жауап жазу
  12. gulya 30 Маусым, 2016, 23:21

    Аллам жар болсын периштеси қолдасын. :zhlau:

    Жауап жазу
  13. жанар 1 Шілде, 2016, 00:55

    алла сабыр берсін ата-анасына

    Жауап жазу
  14. гаухар 1 Шілде, 2016, 01:38

    Каншалыкты рас екен мына жаиттар осы интернетта утирикти маиын тамызып жокты шынга аиналдырып еригип отратн адамдар кубейген

    Жауап жазу
  15. Асель 1 Шілде, 2016, 15:11

    Дуние есiгiн ашпай жатып сабиге обал болган екен.Осы Рамазан айында Алла Тагала сатiн салып шипасын берсiн тез сауыгып кетсiн. Алла тек сабырлык берсiн ата анасына.

    Жауап жазу
  16. Газиза 1 Шілде, 2016, 21:04

    Бир Аллам озин жар бола кор

    Жауап жазу
  17. Алмас 2 Шілде, 2016, 03:08

    ИншаАллах Раббым шипасын бергей. Булда бир сынаккой. Ата анасы сабырлы болгай. Отасы онынан болгай ИншаАллах. :zhlau:

    Жауап жазу
  18. Айкожан 3 Шілде, 2016, 16:11

    Аллам жар болсын! ИншАллах бари жаксы болсын! Иманымыз алсиремесин! .Алланын ози бир жаксылыкты берери хак. Сабырлы болсын ата анасы…Аман есен тап татти болып осип жазылып кетсин..Аллам каласа бул куда артта калай. .Алладан дуга тилек тилеймиз балапан ушин..Аллам жар болсын!

    Жауап жазу
  19. Нур 3 Шілде, 2016, 20:06

    Бекзат! Кайдан алдың: ата агасына Сынақ дегенді!
    Сынак жасау ушин, бир нарестени кем- тар болып жарату оңайма екен! Баска сынак калмапты ма?

    Жауап жазу
  20. Бота 4 Шілде, 2016, 03:01

    Алла сабыр берсін.көзге көрінген сəби алланың қалауымен сауыгып кетсін деп .алладан ата анасы бауырлары жане барлык мұсылман қауым тилек тілесін .Алла насип етип сəбиміз сауыгып кетсін.бір өзіне Алла жар болсын.

    Жауап жазу
  21. коныс 9 Шілде, 2016, 16:11

    алла шипасын берсин.алланын исине не шара истей аламыз.сабырлы болгайсыздар

    Жауап жазу
  22. алаш 8 Қазан, 2016, 18:09

    Кытайлар экологианы ластап жатыр

    Жауап жазу
  23. гунар 21 Қаңтар, 2017, 08:09

    Ала тагана ен душі сура

    Жауап жазу

Пікір жазу

Сіз не дейсіз?
*