Баян Есентаеваның сіңлісі Бағым Мұхитденова: Сіздерден өтінерім барлығын доғарыңыздаршы

Қазақстандық продюсер әрі тележүргізуші Баян Есентаеваның сіңлісі Бағым Мұхитденова әпкесінің басынан өткен жағдайға байланысты халыққа үндеу жолдады.

Баян Есентаеваның сіңлісі қазақстандықтарға үндеу жолдады 

"Құрметті достар! Ешкімнің басына бермесін, отбасымызда қайғы болып жатқанда менің әлеуметтік желіге күруге мұршам жоқ. Мен оны жоғалтып алам ба деп ойладым. Мен өз әпкемді сондай жақсы көрем! Ол бала күнімде маған қарайласқан, менің сабағымды орындауға көмектескен, менің пионер галстугімді жуған  менің ең жақын адамым. Бүгінде ешнәрсе өзгерген жоқ. Ол баяғы менің үлкен әпкем...

Дәл қазір қорғансыз күйде жатыр. Ол сіздердің қаңқу сөздеріңізге жауап қайтара алмайды, өзінің суретін желіге жүктегендерге де тыйым сала алмайды (ауруханада адамгершілік пен мәдениеттен жұрдай медбикелердің бірі оның суретін әлеуметтік желіге салып жіберіпті. Осы әрекеті үшін жазасын алады).

Менің сіздерден өтінерім барлығын доғарыңыздаршы. Баян темір емес, ол қорғансыз әйел. Оның еліне еңбегі сіңген, онымен ешкім дауласа алмайды. Мен жай ғана өтінерім доғарыңыздаршы", - деп жазды Бағым Мұхитденова өзінің желідегі парақшасында.

Естеріңізге салып өтсек, 10 маусым күні соққыға жығылған танымал продюсер Талғар аудандық ауруханасына жеткізілген. Болжам бойынша, Баян Есентаеваны күйеуі кеуде тұсынан пышақтаған. Оқиға куәгерлері дереу жедел-жәрдем шақырып, қансыраған танымал тележүргізушіге алғашқы көмек көрсетіп, кейін оған жедел түрде ота жасалаған.

Алматы облысының полиция қызметкерлері ҚР Қылмыстық-процессуалдық кодекстің 128-бабына сәйкес күдікті ретінде оның жары Бақытбек Есентаевты ұстады.

Дерек көзі: nur.kz