Валюта бағамы USD : 326.88 | EUR : 364.9 | CNY : 47.85

"ҚАЗАҚ ҮНІ" - ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҮЗДІК ИНТЕРНЕТ САЙТ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ!!!

Танымал продюсер соққыға жығылып, ауыр қалде жатыр

01Баян Есентаева соққыға жығылып, жансақтау бөлімінде жатыр, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы облыстық ІІД баспасөз қызметінің өкілдеріне сілтеме жасап.

ІІД мәліметінше, Баян Есентаева бүгін, 10 маусымда Алматы облысындағы Құлжа тас жолының бойында соққыға жығылған. Бұл дерекке байланысты ҚР Қылмыстық кодексінің 106-бабы бойынша («Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiру») сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Күдікті ретінде оның күйеуі тіркелген. Оған қатысты бұлтартпау шарасын таңдау мәселесі шешіліп жатыр. 

Ал «Время» газетінің мәліметінше, оқиға 12.15-те бензин құю бекетінің алдында адамдардың көзінше болған. Алдын ала болжам бойынша, ер адам Баян Есентаеваны қатты ұрып-соғып, ішіне пышақ салған. Куәгерлер оқиға орнына жедел жәрдем мен полицияны шақырған. Есентаева ауруханаға жеткізіліп, дереу ота жасалыпты. Ауруханада жасалған жазбаға қарағанда, продюсер пышақ жарақатын, бассүйек ми жарақатын алған және мұрны сынған. Ұсталған ер адам Талғар аудандық ішкі істер басқармасына жеткізілген. Газеттің дереккөзінің мәліметінше, Баян Есентаева пышақ жарақатын алып, көп қан жоғалтқан, алайда оның өміріне еш қауіп жоқ екен. Қазіргі уақытта ол жансақтау бөлімінде жатыр.

Осы оқиғаға байланысты Баян Есентаеваның күйеуі уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Бұл туралы Алматы облысы ІІД өкілдері хабарлады.

Бақытбек Есентаев Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi 128-бабы бойынша ұсталды. Ол Талғар аудандық ІІБ-де 72 сағатқа қамауға алынды.

Сонымен қатар, ІІД мәліметінше, Есентаевқа қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 106-бабы бойынша («Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiру») сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Айта кетейік, осы бапта көрсетілген қылмысқа барған адамға 3 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығын шектеу немесе бас бостандығынан айыру жазасы қарастырыған.

Дерек көзі: tengrinews.kz





3 пікір жазылған

Пікір жазу
  1. марат 11 Маусым, 2016, 17:17

    кеуіне бермеи теріс қарап жүрген шығар немесе шөп салғанын сезген шығар

    Жауап жазу
  2. Ұміт 13 Маусым, 2016, 10:58

    Ең бастысы жаны аман қалғанына шүкір! Ал соққыға жыққан күйеуі ма, әлде басқа ма, оның олай істеуге еш құқығы жоқ!!!Бір АЛЛА жазасын жасайды! Сонымен қатар күйеуінің көзіне шөп салды ма, әлде сол қатыгез күйеуі шөп салды ма, оны ешкім білмейді. Ал білмей тұра солай сөгуге болмайд! Баян Маратқызына тез сауығып кетуін тілейміз! Қыздары мен туысының жанына аман есен оралсын!

    Жауап жазу
  3. Үміт 13 Маусым, 2016, 11:41

    Баян Мақсатқызы

    Жауап жазу

Пікір жазу

Сіз не дейсіз?
*