Әсет Исекешев: Қазақстан - Еуразия үшін жаңа инвестициялық бағыт

023Қазақстан 10 жылда 100 млрд. инвестиция тартуды жоспарлауда. Бұл туралы бүгін Астана экономикалық форумы аясындағы Инвестициялық саммитте ҚР Инвестициялар және даму министрі Әсет Исекешев  мәлім етті.

«Біз таяу 10 жылдың ішінде экономикамызға 100 млрд. доллар инвестиция тартуды мақсат етіп отырмыз. Қазір портфолиомен жұмыс істеудеміз. Бізде шетелдіктердің қатысуымен 200 жоба бар және кез келген инвесторды көргенімізге қуаныштымыз», - деп атап өтті ол.

Министрдің атап өтуінше, өткен жылы Қазақстанның мұнай және тау-кен өндіру салаларына инвестицияның төмендегені байқалды. Дегенмен, елімізге тартылған жалпы инвестицияның 70 пайызы, яғни 4 млрд. доллардан астамы соңғы 5 жылдың еншісінде.

«Бүгінде инвесторлар табиғи қазбаларды өндірудің дәстүрлі салаларына қызығушылық танытып отыр. Дегенмен қайта өңдеу саласына да қызығушылық артып келеді. Қайта өңдеу саласына 20 млрд. доллардан астам қаржы тартылды. Біз барлық инвесторлармен ынтымақтастыққа қуаныштымыз және барлық инвесторларға жайлы орта қалыптастыру үшін барлық шараларды атқарамыз», - деді Ә.Исекешев.

Оның айтуынша, келешекте Қазақстан Орталық Азия өңірінде инвестиция салу үшін жаңа инвестициялық бағытқа айналуы тиіс. Ол үшін елімізде қажетті мүмкіншіліктің барлығы бар.

«Біз Қазақстан тек қана шикізатқа негізделген ел деген жалпы түсінікті еңсере алдық. Инвестиция тарту тұрғысындағы біздің міндетіміз - орта мерзімді келешекте Қазақстанды инвестициялық хабқа айналдыру. Яғни, Қазақстан - бұл Еуразия үшін жаңа инвестициялық бағыт», - деді министр.

Дерек көзі: ҚазАқпарат