Министр, әкім, прокурор, полицей. Кім қанша алып жүр?

Министр, әкім, прокурор мен полицейге бюджеттен қанша қаржы жұмсалатыны белгілі болды деп хабарлайды КТК арнасы.

Министр, әкім, полицейге бюджеттен қанша қаржы жұмсалатыны белгілі болды 

Бұған дейін құпия ұсталып келген  мәлімет «Ашық бюджет» сайтына жарияланып отыр.

Әзірге алты министрлік, Бас прокуратура мен Алматы, Атырау және Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдері алдағы үшжылдық шығындарын жариялапты.

Мәселен, Оңтүстік Қазақстанда әр аудан әкімінің жалақысына деп жылына қазынадан 23 миллион теңге бөлінеді екен. Ал, әскерилер, полиция қызметкерлері мен олардың отбасы мүшелерінің емделуіне жылына бес миллиард, Ішкі істер министрлігіне болса, статистикалық ақпарат әзірлеу үшін 342 миллион, теңге қаралған.

Бас прокуратура жас мамандардың біліктілігін арттыру үшін келесі жылы бір миллиард 72 миллионнан астам теңге жұмсамақ. Энергетика министрілгі экологиялық мониторинг жүргізуге бес миллиард теңге алмақ.

Дерек көзі: КТК