"Astana Arlans" боксшылары кезекті жеңісіне жетті

12-01-2016-arlans-01WSB жобасы аясында Astana Arlans қонақта Бакудің Baku Fires клубын  3:2 есебімен жеңді, деп жазады Sports.kz.

Зәкір Сафиуллин (60 кг) Насраддинин Маммадовты 3:0 (49:45, 49:44, 49:45) есебімен жеңсе, Олжас Сәттібаев та (52 кг) Магомед Ибиевтен 3:0 (50:45, 50:44, 50:45) есебімен басым түсті, Асланбек Шымбергенов (69 кг) Тамерлан Абдуллаевқа 0:2 (47:47, 46:48, 46:48) есебімен есесін жіберіп алды. Нұрдәулет Жарманов (81 кг) екінші раундата техникалық нокаутпен Михаил Долголевецті жеңді. Ал шаршы алаңға соңғы болып шыққан Нұржан Бекзатовты (+91 келі) Арсланбек Махмудов техникалық нокаутпен ұтты.

Енді 19 наурызда Astana Arlans Петропавлда Puerto Rico Hurricanes-пен кездесетін болады.

Дерек көзі: Sports.kz