Әлемдегі ең жас миллиардер қыз

01e0a13e005a87485ca07b19f7_9105078a19 жастағы норвегиялық Александра Андерсен Forbes-тің жаңа рейтингі бойынша әлемдегі ең жас миллиардері атанды. Оның байлығы - 1,2 млрд. доллар.

Александраның Ferd инвестициялық компаниясында үлесі бар,  сол акциялары оны әлемдегі ең жас миллиардер атандырды. Андерсеннің өзі ақша табуға көп құнықпайды, ол атқа мінгенді жақсы көреді және Норвегиядағы ең мықты деген спортшылардың бірі болып саналады.

Александраның отбасы ертеректе темекі бизнесімен айналысқан. Жас миллиардердің үлкен атасының 1849 жылы құрған компаниясы уақыт өте келе Норвегиядағы ең ірі темекі өндіруші компания болып саналды. 2005 жылы фирманы сатып жібереді, ал одан түскен 500 млн долларды инвестициялар қорына салады. 2007 жылы әкесі Александра мен екінші қызы Катаринаның атына акцияның үлкен бөлігін аударады, ал өзіне тек 15 пайызын алып қалған, деп жазады шетелдік БАҚ.

Дерек көзі: ҚазАқпарат