Назарбаева: Салықты уақытында төлесең, ұйқың тыныш болады

dariga1Бүгін ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісінде ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Дариға Назарбаева Қазақстанда әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізудің мәнін түсіндіріп берді.

«Алда әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу күтіп тұр. Осы тақырып айналысында көптеген талқылаулар, түсіндірулер жүріп жатыр және кейбір ақпарат көздері бұрмаланған мәліметтер арқылы халыққа үрей мен қорқыныш тудыратын деректерді жеткізген. Сондықтан да бұл бағытта түсіндіру керек», - деді Д. Назарбаева. Бұндай жүйе елімізде бұрындары іске қосылып, алайда тиісті деңгейде жүзеге аспағанын еске салып өткен вице-премьер, дегенмен де медициналық сақтандыру жүйесін ұмыт қылу дұрыс емес екенін сөз етті. Бұл тұрғыда қателіктерді ескеріп, оны дамыта түсу керек екенін жеткізді. «Барлығын жауып тастаудың салдарынан, өкінішке қарай, біз көп жылдарға артта қалып қойдық. Сондықтан да, медициналық сақтандыру деген не? Бұл - бәрінен бұрын медициналық мекемелерді қаржыландыру жүйесі. Жүйе медициналық мекемелерді күтіп ұстау мен қаржыны игеруге емес, яғни тұтынушылар мүддесіне, қызметке, науқастарға негізделген. Атап айтқанда, сақтандыру ақшасы емделушінің соңынан еріп жүреді. Бұл қызмет барша жұмыс істейтін Қазақстан тұрғындарының төлемі. Осы жағдайда біз өзара көмектің кассасын құрамыз»,-деді ол.

Сонымен қатар Назарбаева халықтың "өзін-өзі жұмыспен қамтамасыз етіп, табыс табатын" бөлігінің "бюджетке бір тиын төлемей тегін медициналық көмек алып, қартайғанда әлеуметтік жәрдемақы мен зейнетақы алуға ұмтылатынын" әділетсіздік деп атады.

"Ар-ұят болу керек, сараңданбай, бөлісу керек, президентіміз айтқандай, салығын төлеп, ұйқың тыныш болуы қажет", - деген Назарбаев.

Назарбаеваның пікірінше, Қазақстанда 2017 жылға қарай өтуді жоспарлап отырған медициналық сақтандыру жүйесі өзін-өзі қамтамасыз ететін азаматтарды көлеңкеден шығаруға көмектеседі. Себебі өзін-өзі қамтамасыз ететін тұрғындарға сақтандыру полисі берілмейді.

Ресми мәлімет бойынша, Қазақстанда 2015 жылдың соңында 2 миллион 339 мың адам өзін-өзі жұмыспен қамтамасыз ететіндер ретінде тіркелген. Ал экономикалық белсенді тұрғындар саны тоғыз миллионнан асқан. Халықтың өзін-өзі жұмыспен қамтамасыз ететін тобына тұрақты жалақысы жоқ, сауда-саттықпен айналысушылар мен ұсақ саудагерлер жатады. Статистика комитетінің мәліметінше, 2015 жылдың үшінші тоқсанында ұзақ уақыт жұмыссыз жүргендер көрсеткіші 4,2 пайызды құраған.

Дерек көзі: ҚазАқпарат