БІЛІМ және ҒЫЛЫМ министрі ауысты

Ерлан Кенжеғалиұлы Сағадиев Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі болып тағайындалды деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Ерлан Сағадиев Білім және ғылым министрі болып тағайындалды

"Ерлан Кенжеғалиұлы Сағадиев Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі болып тағайындалсын", - деген Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жарлығын Ақорда келтірді.

Ерлан Кенжеғалиұлы Сағадиев 1966 жылы 29 қыркүйекте дүниеге келген. 1990 жылы «экономика» мамандығы бойынша Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін тәмамдаған, біліктілігі экономист. 1993 жылы Миннесота штатының Университетін бітірді, АҚШ-тың Миннеаполис қаласында Қолданбалы экономика департаментінің ғылым магистрі ғылыми дәрежесі бар.

Еңбек жолын 1990 жылы Сыртқы істер министрлігінің Қолданбалы экономика департаментінің халықаралық экономикалық қатынастарды дамыту жөніндегі екінші хатшысы лауазымынан бастаған. Дүниежүзілік банкінің ауыл шаруашылығы департаментінің ахуалын талдау жөніндегі ассистенті, Шығыс Еуропа, ТМД елдерінің кураторы болған (АҚШ, Вашингтон қ.). 2003 жылдан бастап 2009 жылға дейін «Жаңа технологиялар. Қазақстан» АҚ-ның Директорлар кеңесінің төрағасы болды, бас директордың лауазымын атқарған. 2012-2013 жылдары Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің кеңесшісі қызметін атқарған. 2014 жылдың ақпан айынан тамыз айына дейін Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі болды. 2014 жылдың тамыз айында ҚР Инвестициялар және даму министрінің орынбасары болып тағайындалды. Ал министр болғалы сыннан көз ашпай, ақыры  орнынан босаған Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіповтің қайда баратыны  әлі белгісіз.  Сонымен,  білім мен ғылым саласындағы  олқылықтады орынды сынап келген "Ақ жол" партиясының  сыны іске асты. qazaquni.kz Тақырыпқа қосымша:  

ОҚУЛЫҚ МАЗМҰНЫНДА ЗАҢ ТАЛАПТАРЫ БҰЗЫЛУДА

Тақырыпқа орай, 2016 жылғы 13 қаңтарда бір топ Мәжіліс депутатының  Білім және ғылым министрлігіндегі өрескел кемшіліктер туралы ҚР Бас прокурорына жасаған депутаттық сауалын жариялап отырмыз.

Қазақстан Республикасының

        Бас Прокуроры

                                                                А.Қ.Дауылбаев мырзаға  

депутаттық сауал

   Құрметті Асхат Қайзоллаұлы!  Жаңа оқу жылының басында 9 сыныпқа арналған қазақ әдебиеті хрестоматиясының («Қазақ әдебиеті» хрестоматия,  «Мектеп» баспасы, 2012 ж.) мазмұны қоғамда және әлеуметтік желілерде ата-аналардың үлкен наразылығын тузғызды. Қазақтың «Қамбар батыр» эпосының аталған басылымда пайдаланылған нұсқасы оның тарихи теңтүпнұсқалылығына және оқушыларға моралдық әсер етуі үлкен күмән туғызады. Айталық, эпостың басты жағымды кейіпкері – Қамбар батыр оқушыларға спирттік ішімдікті және темекі таруды жаны қалайтын адам ретінде көрсетілген. Нақты мысал келтірер болсақ: «...Қара қасқа атты қаңтарып, Маңдайын сүртіп демалып, Шылымын шегіп тұрады.  ...Қайтқанда Қамбар ішсін деп, Арақ пенен шарапты Сандыққа салып сақтады, Бөтелкеге ашытып.», т.б. Бізге шағымданып келген ата-аналардың өкілдері мен педагогтар қауымының пікірі бойынша, ұтттық батырымыз жағымсыз суреттеліп, бұл жерде  Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларының талаптары бұзылып отыр. Біріншіден, «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» ҚР Кодексінің негізгі қағидаттары бұзылған, онда денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік саясат саламатты өмір салтын қалыптастыруға жәрдемдесу негізінде жүргізілетіні атап көрсетілген.  Екіншіден, аталған басылымның жариялап отырғаны осы Кодекстің 159-бабының 1-бөлігінің талаптарына қайшы келеді, Кодексте темекі бұйымдары мен алкогольді тұтынудың профилактикасы және оны шектеудің; темекі бұйымдары мен алкогольді тұтынуға халықтың өмірі мен денсаулығы үшін аса қауіпті фактор ретіндегі көзқарасын қалыптастырудың қажеттілігі туралы жазылған. Үшіншіден, «Білім туралы» ҚР Заңының 11-бабы 2) тармақшасына сәйкес білім беру жүйесі міндеттерінің бірі жеке адамның шығармашылық, рухани және күш-қуат мүмкіндіктерін дамыту, адамгершілік пен салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру болып табылады. Төртіншіден, білім беру бағдарламасына эпостың аталған нұсқасындағы келтірілген жолдарды қосу «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» ҚР Заңының 8-бабының 3-тармағы 2) тармақшасысының талаптарын бұзып отыр, осы Заңға сәйкес баланың денсаулық сақтауға құқығы балалардың салауатты өмiр салтын насихаттау арқылы қамтамасыз етiледi.  Бесіншіден, «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» ҚР Заңының 36-бабының сақталмағандығы да анықталып отыр, онда мемлекеттiк органдар баланы оның денсаулығына, имандылық жағынан және рухани дамуына зиян келтiретiн ақпараттың, насихат пен үгiттiң терiс ықпалынан қорғауға мiндеттi екендігі айтылған. Алтыншыдан, осы редакцияда шығарылған оқулық «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» ҚР Заңының 37-бабының 1-тармағын да бұзып отыр, осы Заңға сәйкес баланың ата-анасы, мемлекеттiк органдар, сондай-ақ баланы тәрбиелеу мен оған бiлiм беру функциясын жүзеге асыратын ұйымдар салауатты өмiр салтын және алкогольдi өнiмдер мен темекi бұйымдарының зиянды екенiн насихаттауға мiндеттi. Жетіншіден, «Жарнама туралы» ҚР Заңының алкоголь және темекi өнiмдерін жарнамалауға тыйым салатын 13-бабының ережелеріне анық сәйкес келмейтіндігін де атап өткен жөн. Көрсетілген мәтінде басты жағымды кейіпкердің, халық батырының алкоголь және темекi өнiмдерін пайдалануы қандай да бір кінәлау түрінде емес, ауыр шайқастардан кейін демалған кезіндегі сәтін бейнелеген сипатында жазылған. Алайда, осы арқылы оқушылардың санасында жоғарыда келтірілген денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік саясаттың талаптарына қайшы, алкоголь және темекi өнiмдерін пайдалануды дұрыс екен деген қате пікір қалыптасуы мүмкін. Сонымен қатар, ҚР Білім және ғылым министрлігі қоғамдық ортаның наразылығына орай берген жауабында: атап көрсетілген үзіндіні «эпикалық шығарманың классикалық үлгісі» болып табылады деп сендіреді және 1922 жылғы дереккөзге сілтеме жасайды. Алайда, эпостың қазақ тарихының ерте кезеңіне жататынын жақсы білеміз, 1922 жылғы дереккөзге келсек, ол кейін қосылған элементтерді енгізу арқылы қайта жазылған нұсқа болуы ықтимал. Білім және ғылым министрлігінің «Қамбар батыр» эпосының он бір нұсқасы бар екендігімен келісетіні де тегін емес, бірақ бұл ретте, анық көрініп тұрған фактілерге қарамастан, осы таңдап алынған нұсқа оқушылардың алкоголь мен темекi сияқты зиянды әдеттерден қашық жүруіне бағытталған деп сендіреді. Алайда, жарияланып кеткен оқу құралындағы эпостың нұсқасында қандай да бір алдын ала сақтандыру не басты кейіпкерге танылған зиянды әдеттердің залал келтіретіні туралы нұсқау көзделмейді. Сонымен бірге, пайдаланылып отырған нұсқаны білім беру жүйесінде алкоголь мен темекi бұйымдарын тұтынуға жасалған жасырын жарнама түрінде қарастыруға да болады. Жоғарыда жазылғандарға байланысты, Сізден аталған басылымның ҚР заңнамасына сәйкестігін зерделеуді өтінеміз және бұзушылықтар анықталған жағдайда, атап көрсетілген хрестоматияны Қазақстан Республикасының оқу орындарында оқу құралы ретінде пайдалануға тыйым салуды енгізу жөніндегі прокурорлық ден қою шараларын қабылдауыңызды және оны қайта өңдеу туралы мәселені қоюыңызды сұраймыз.

Құрметпен,

 «Ақ жол» фракциясы мүшелері :                                                       А. Перуашев

 А.Тұртаев

   А.Әбілдаев

«Нұр Отан» фракциясы мүшесі                                                     У. Бишімбаев

 «Халық коммунистері» фракциясы мүшесі                                  Т. Өмірзақов

                                                    «Қазақстан халқы Ассамблеясы» депутаттық тобы  мүшелері :                                                                           А. Мурадов

М. Ахмадиев

З. Саяпова

Партия «Ак жол»:  приходится констатировать нарастающий кризис управления в системе образования

Выступление Азата Перуашева по закону «Об образовании» на пленарном заседании Мажилиса

7 октября 2015 г. Уважаемый Кабиболла Кабенович, я всё-таки настаиваю не закрывать обсуждение, а дать мне слово для выступления. Тем более, что я озвучу позицию всей фракции. У нас многопартийный парламент, и каждая фракция имеет право быть услышанной. Не нужно мне указывать, что можно говорить, а чего нельзя. Вы такой же депутат как и я, и позвольте мне наконец изложить свою позицию. Спасибо.   Уважаемые коллеги. Рассматриваемые нами сегодня законопроекты разработаны во исполнение пяти институциональных реформ Главы государства. Но среди этих реформ есть и подотчётность госорганов перед обществом. Прежде всего, это означает отчётность перед парламентом, так как парламент не только законодательный, но и высший представительный орган, представляющий интересы избирателей.   Поэтому прозвучавшая критика и поставленные нашими коллегами вопросы по этому законопроекту вполне правомерны. Например, спор о переходе с аттестации на аккредитацию: в рассматриваемом законопроекте предлагается идти на поводу у министерства образования – узаконить срыв государственной программы развития образования на 2011-2020 годы. Эта программа предусматривала переход с аттестации на международную систему аккредитации в нынешнем, 2015 году. А теперь предлагается этот переход отложить на 2018-2020 годы. Подождите, но ведь речь идёт о демонстративном срыве госпрограммы – а никто даже не хочет спросить об ответственных за это? Мы понимаем, почему чиновники всеми силами стремятся отсрочить этот переход. Как сообщали СМИ летом текущего года, по данным агентства по борьбе с коррупцией, только по одной области (ЮКО) при аттестации школ собирается около 300 млн.тенге. Чтобы представить объёмы таких поборов в масштабе страны, - просто умножьте 300 млн.тенге на 16 – это «цена» коррупции только по средним школам республики.   В системе образования один финансовый скандал следует за другим: так, недавно выяснилось, что при распределении научных грантов, более 51 млрд.тенге члены комиссии «разделили» между своими организациями. А деньги успешно списаны. И в то же время отменяются бесплатные школьные обеды по всей стране, потому что в министерстве якобы не хватает денег. Да просто умерьте аппетиты своих чиновников – и деньги найдутся!   Нарастают провалы с качеством и содержанием учебников. Например, в хрестоматии казахской литературы Камбар-батыр теперь «прячет» по сундукам водку, а между битвами курит сигареты. И любой из нас приведёт массу других примеров несуразностей и ошибок в учебниках. И такому невежеству обучают наших детей.   Да, наверно виноваты авторы этих книг. Но ведь утверждает их как учебники - само министерство.   На августовском совещании педагогов вице-премьер Б.Сапарбаев раскритиковал министерство образования и за просчёты в планировании и распределении грантов, когда каждый четвёртый выпускник, обучавшийся за счёт государства - остался без работы, а потраченные на них 4 млрд. вылетели в трубу. Напомню, что фракция «Ак жол» направляла запрос об этом ещё в июне.   В ходе нашего с министром публичного спора о переходе к аккредитации, министр заявлял, что он должен «навести порядок» в частных вузах. Но порядка как не было, так и нет, хотя в руках у министерства и лицензирование, и пост-лицензионный контроль, и промежуточная оценка знаний, и квалификационные требования к частным вузам. Более того, есть официальные данные о том, как за одни и те же недостатки министерство в одних случаях наказывает вузы очень жёстко, а в других – смотрит сквозь пальцы. Такая предвзятость порождает понятные сомнения в заявлениях насчёт «наведения порядка».   Можно ещё многое сказать. В целом же мы вынуждены констатировать нарастающий кризис управления в системе образования. В этом же ключе надо рассматривать и перенос сроков внедрения системы аккредитации в данном законопроекте. Напомню, что такое внедрение является обязательным условием Болонской конвенции, благодаря которой казахстанская молодёжь имеет доступ к лучшим зарубежным вузам и колледжам. А сроки, которые мы сейчас переносим – были установлены государственной программой.   Поэтому думаю, никто не удивится, если наша фракция проголосует против данного законопроекта. Но исходя из роли парламента в системе государства и статуса парламентской фракции, мы можем позволить себе такую роскошь, как не опускаться до уровня нерадивых чиновников. Гораздо важнее труд наших коллег в Мажилисе. Я выражаю признательность руководству рабочей группы и комитета по социально-культурному развитию, которые вопреки сопротивлению министерства провели большую работу и решили ряд накопившихся вопросов. Халқымыз айтқандай, «Кен болсан – кем қалмайсын». Мы решили поддержать законопроект «Об образовании», но при этом предлагаем руководству Мажилиса включить в план работы палаты – парламентские слушания о состоянии дел в системе образования и причинах срыва конкретных показателей государственной пограммы развития отрасли. Спасибо. Справка: 10 февраля 2016 года министр Саринжипов был освобожден от занимаемой должности.   

Тақырыпқа орай  оқу үшін:

ОҚУЛЫҚТАҒЫ ЕКІ АҚЫННЫҢ ҚАЙСЫСЫ “ҰРЫ”, МИНИСТР МЫРЗА? Екінші сынып оқушысына оқулық авторлары мұны қалай түсіндірмек? http://www.qazaquni.kz/?p=31887 Ғылымға бөлінген 51 миллиард теңге ғылымға жұмсалмай қайда жұмсалды?!. http://www.qazaquni.kz/?p=40003 БІЛІМ министрі «диктанттан» «ЕКІЛІК» алса, біз қалай БІЛІМДІ боламыз?!. http://www.qazaquni.kz/?p=39607  

ЕЛІМІЗДЕГІ  БІЛІМ саласында 25 жылда 14 МИНИСТР болды!

1. 1988-1993 қазанына дейін - Шайсұлтан Шаяхметов

2. 1993-1994 қарашасына дейін - Ережеп Мәмбетқазиев

3. 1994-1997 наурызына дейін - Мұрат Жұрынов

4. 1997-1997 қазанына дейін - Иманғали Тасмағанбетов

5. 1997-2000 желтоқсанына дейін - Қырымбек Көшербаев

6. 1999-2000 - Владимир Школьник

7. 2000-2002 қаңтарына дейін - Нұрәлі Бектұрғанов

8. 2002-2003 15 маусымына дейін - Шәмшә Беркімбаева

9. 2003-2004 жылдың13 желтоқсанына дейін - Жақсылық Күлекеев

10. 2004-2007 жылдың 8 қаңтарына дейін - Бірғаным Әйтімова

11. 2007-2010 жылы - Жансейіт Түймебаев

12. 2010 - 2013 жылғы 2 қыркүйекке дейін  Бақытжан Жұмағұлов 13. 2013-2016 жылдың 10 ақпанына дейін - Аслан Сәрінжіпов 14. 2016 жылдың 10 ақпанынан - Ерлан Кенжеғалиұлы Сағадиев