Валюта бағамы USD: 312.76 | EUR: 331.08 | CNY: 45.53

Бұлай бола беретін болса, Алматы – АЛМАНЫҢ ӨНГЕН ЕМЕС, ӨЛГЕН ЖЕРІ БОЛМАҚ!

264wDuxwpkRLEHym4harl1tywaGyvJАЛМАТЫ – АЛМАНЫҢ ӨНГЕН ЕМЕС, ӨЛГЕН ЖЕРІ БОЛМАҚ немесе НЕГЕ БІЗ «АЛМАНЫҢ ОТАНЫНДА» ҚЫТАЙДЫҢ АЛМАСЫН ЖЕП ЖҮРМІЗ?

Мен Алматыда тұрамын, кезінде алманың отаны болған деседі, шынымды айтсам, сеніңкіремеймін… Неге дейсіз бе? Өйткені барлық сауда орындарында импортталған алма өнімдері, жергілікті табиғи алма өнімдерін іздесең де таппайсың. Алматының алмасын іздегенде бейне бір көненің көзін қуған археологқа ұқсап кетесің. «Жергілікті алма ма?» – деген сұрағыңа қытайдың ГМО қосылған алмасын ұсынып: «Иә, әрине, жергілікті, өзіміздің Алматынікі» деген сатушының жауабын естіп, өзіңді ақымақ сезінетін сәттер де жиі туындайды. Ньютонның алмасы әлемді бір, Стив Джобстың алмасы екінші мәрте шуылдатқанда, Алматының алмасы шартарапқа қашан танымал болады? Әлде «Өййй, ХХ ғасырдың басында біздің алма Еуропаны бір шок қылған!» деп өткеннің елесімен өзімізді алдап жүре береміз бе?!
Алматы – алманың отаны, аты айтып тұр, тарихта атына заты сай еді. Тіпті «Ұлы Жібек жолының» дәуірлеп тұрған сәтінде, күллі Еуразияны шарлаған көпестер сол уақытта Алмалық қаласына алманың түрлі сорттарын әкеліп беріп тұрған деген деректер бар. 1865 жылы қоныс аударушы Егор Редько есімді азамат Алматыға сирек кездесетін алма көшеттерін ала келген екен. Сөйтіп Алатаудың бөктері әлемдегі ең үлкен алма бақтарының біріне айналып сала беріпті. 1908 жылы Германияда өткен бау-бақша өнімдерінің көрмесінде Алматының апорты жиналған жұртты таңдандырады. Бұл жайлы биолог ғалым А. Гагарин: «Маннгейм қаласындағы көрмеде Алмалықтың апорты өзінің қайталанбас дәмімен, көлемімен бау-бақша ғалымдары мен комиссия мүшелерін қайран қалдырды», – деп жазды. Тіпті Алматы апорты 1,4 кг салмақ тартып, рекорд жаңартқан деседі. Ал бүгін жағдай қандай?
Қазақстанға жылына 120 мың тонна алма өнімі кіргізіледі. 1988 жылы 71 мың гектар алма бақтары 272 мың тонна өнім берсе, 1996 жылы 66 мың гектар бақ 117 мың тонна өнім берген. Жыл сайын жергілікті өнім азайып, импорт көбеюде. Алма бақтары қырқылып, түрлі ойын-сауық, туристік орталықтар салынуда. Польша, Молдова және Қытай қазақтың алманың отанында отырғанына қарамастан, алманы өсіре алмауына (өсіртпеуіне) күле қарап, өнімдерін елімізге тонналап кіргізуде. Бұлай бола беретін болса, Алматы – АЛМАНЫҢ ӨНГЕН ЕМЕС, ӨЛГЕН ЖЕРІ БОЛМАҚ!
Тістегенде қышқылтым дәмі сәл тітіркендіріп, тамаша әсер сыйлайтын, тісіңді аппақ қылып тазартып, көзіңе Алатаудың бөктерін еріксіз елестететін Алматының алмасы базарда толып тұрар сәт туар ма екен, шіркін… Ал әзірге өте зиян, не дәмі жоқ, не нәрі жоқ, губка сынды қытайдың алмасын жеуден мезі болдым-ақ…

Асхат Қасенғалидың фейзбук парақшасынан

qazaquni.kz



1 пікір жазылған

Пікір жазу
  1. Әбілмансұр Әділет 25 Ақпан, 2016, 21:02

    Мен осы мақала жазушысымен толықтай келісемін. Себебі қазір біздің нарықта өзге елден келген құрамында өзге ағзаның гені бар өнімдер көбейіп кетті. Мысалыға сіздер айтқан алманың құрамына шаянның генін , картопқа доңыздың генін қосады екен.Бұндай тағамдарды гендік өзгеріске ұшыраған тағамдар деп атайды.Менің ойымша гендік өзгеріске ұшыраған өнімдерді біздің нарықтан шығарып тастау керек. Тек алмаға ғана емес басқа да өнімдерге гмо қосады. ГМО дегеніміз гендік модифиционалған ағза. Қазіргі таңда табиғи онімдерге қарағанда құрамында ГМО бар өнімдер өте көп.

    Жауап жазу

Пікір жазу

Сіз не дейсіз?
*

 aaa aaa aaa aaa aaa aaa aaa aaa aaa aaa Көңіл күй бейнелер авторы: IMKAZ.kz.