ШҚО-ның кәсіпкерлері «Мен сені сүйемін, Семей!» атауымен дәретхана қағазын шығарды

Шығыс Қазақстан облысында дәретхана қағазын жарнамалаудың жаңа әдісі пайда болды деп жазады YK-news.kz-ке сілтеме жасап Қамшы порталы.
pogudxm7uiikrfqcc.78eb8ace Дәретхана қағаздарына «Мен сені сүйемін, Өскемен!», «Мен сені сүйемін, Зыряновск!» деген жапсырмалар жапсырылған. Басылымның жазуынша, жаңаша жарнамаланған тауардың сатылымы да күрт артқан көрінеді. «Елді-мекен атауларын жазып сатуды біз өткен жылдың қазан айында бастадық. Бұл да туған қалаға деген сүйіспеншілік пен патриоттықтың бір үлгісі. Идеяның мақсаты аймақ тұрғындары мен қонақтарының оң эмоциясын туғызу», – дейді кәсіпкер Ерлан Жүрмұхаметов. Сонымен қатар, Семей, Зайсан, Ұлан, Риддер, Шемонайха атауларымен де дәретхана қағаздары шығарылып жатқан көрінеді.
qazaquni.kz