АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы “Әзірет Сұлтан” мешітін аралады (фото)

Америка Құрама Штаттарының  мемлекеттік хатшысы Джон Керри Қазақстанға сапармен келген болатын. Іс-сапар барысында Джон Керри Астанадағы  «Әзірет Сұлтан» мешітіне арнайы ат басын бұрды, - деп жазды muslim.kz.

f295662798018ae6bea481ccffc0e6d9

Мұхиттың арғы жағынан келіп отырған қонақты Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төраға орынбасары, наиб мүфти, «Әзірет Сұлтан» мешітінің бас имамы Серікбай қажы Ораз күтіп алып, қасиетті құлшылық ордасының атынан арнайы сыйлық табыстады.

f39a408778a0e67dac000abb210dc994

Айта кетейік, АҚШ хатшысы елімізге Орталық Азияның 5 мемлекетіне сапары аясында келіп отыр. Бұған дейін ол Қырғызстан мен Өзбекстанда болып, өңірдегі өзекті мәселелер бойынша өткен келіссөздерге қатысқан болатын.

dacb207d47127aee80e3669e0db23330

78b9cd66edd9240606afc7791d9de6a0

71d61795f7140ff41fa0e68526de0e2b

4ee0d7b8e0b7900248d9be7ef60da9c5

5a4c42fc0ef986b03eaa9eb5f2c9c239

4bb1b64100e91023bf2c316e667d4a97

Дереккөз: NUR.KZ